«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі



бет16/17
Дата10.06.2023
өлшемі1,6 Mb.
#178560
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
«Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі

Қорытынды
Геометриялық фигураларды бастауыш мектептен таныстыра бастайды.Жазықтықтағы геометриялық салу есептері сыныптан сыныпқа дейін оқытылады.
Метрикалық есептерде берілген элементерді бойынша белгілі өлшемдері арқылы (бірақ жазықтықта орны анықталмаған) геометриялық фигура саламыз. Метрикалық есептердің жазықтықта орны анықталмағандықтан бірнеше шешуі болуы мүмкін шешулерін табу үшін берілген есептің барлық мүмкін жағдайларын қарастыру керек. Ол үшін салу шешу кезіндегі зерттеуге ерекше көңіл бөлген жоқ. Геометриялық салу есептері мына төмендегі әдістерді пайдалану арқылы салынады:
Алгебралық әдіс.
Геометриялық орындар әдісі.
Геометриялық түрлендірулер әдістері.
Орта мектептің геометриясында инверсия әдісіне есептер берілмеген,ал басқа әдістерге есептер кездеседі. Әсіресе, ескі программа бойынша оқытылған Н.А.Рыбкиннің «Есептер жинағы» §16-да алгебралық әдіске 37 есеп берілген. Н.Н.Никитан және Г.Г.Маслованың «6-8 класс геометриясында»тек алгебралық және геометриялық орындар әдістерімен шығатын 50-60 есеп берілген. 1982-83 оқу жылына дейін оқытылып келген А.Н.Колмогоровтың «6-8 класс геометриясында» және қазіргі оқытылатын А.В.Погореловтың «7-11 класс геометриясында »салу есептеріне ерекше көңіл бөлген.
Салу есептерін нүктелердің геометриялық орны (НГО) және алгебралық әдістер арқылы әр түрлі фигуралар салынатынын байқадық.
НГО әдісі арқылы үшбұрыштар мен төртбұрыштарды және т.б.фигураларды салуға болады екен, ал алгебралық әдіспен алгебралық өрнектер (әрине өрнектер бірінші ретті болу шарт) салынады. Геометриялық салу есептерін шешкен кезде алгебралық өрнектер шығады, сол өрнектерді салу арқылы бізге ізделінді кесіндінің ұзындығын табуға болады.
Геометриялық есептер дәлелдеуге, есептеуге және салуға берілген мәтінді есептер болып үшке бөлінеді.Сондықтанда салу есептері геометрияның негізгі материалдарының бірі болып есептелінеді.
Ал Циркуль мен сызғыштың көмегімен салуға болмайтын есептер көп түсіндіріле бермейді. Сондықтан мектеп оқушылары үшін бұл тақырыптар таныс емес. Сол үшін мектеп оқулығына енгізілсе жақсы болар еді. Бірақ қазіргі таңдасалу есептері оқушылардың қызығушылығын оята қоймайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет