Физика материяның қозғалысын және оған сәйкес келетiн жалпы да ортақ заңдылықтарды зерттейтiн ғылым



бет2/4
Дата15.06.2022
өлшемі92,07 Kb.
#146560
1   2   3   4
Байланысты:
13 UkM

Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.
Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды.
Тұтас орта механикасы. Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.
Физиканың табиғатты зерттеуi - құбылыстар табиғи жағдайда бақылаудан немесе арнаулы қойылған тәжiрибеден басталады. Осы бақылаулардың немесе тәжiрибелердiң нәтижелерiн жинақтай келе болжам (гипотеза) жасалады. Болжам тексерулерден өтiп дәлелденуi қажет. Ал тексерiлген және дәлелденген болжам ғылымға заң немесе физикалық теория түрiнде енгiзiледi.
Егер денелердiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық жылдамдығынан көп аз болса, бұл қозғалысты қарастыратын механика - классикалық деп аталады. Классикалық механиканың негiзiне Ньютонның қозғалыс заңдары жатады. Сондықтан кейде классикалық механиканы- Ньютон механикасы деп атайды.
Егер дененiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық
жылдамдығымен шамалас болса, бұл дененiң қозғалысы -релятивистiк механика заңдылықтарына бағынады. Релятивистiк механиканың негiзiне Эйнштейннiң салыстырмалы теориясы жатады.
Егер қозғалыстағы денелердiң өлшемдерi (элементар бөлшектер) аз болған жағдайда олардың қозғалысы кванттық механика заңдылықтарына жатады. Кванттық механиканың негiзiне Шредингер теңдеуi жатады.


§1.Материялық нүктенiң механикасы


Дененiң таңдап алынған санақ жүйесiндегi жасайтын үздiксiз сызығын траектория деп атайды. Траекториясына байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып екіге бөлiнедi.


Дененiң траектория бойымен жүрiп өткен ара қашықтығын жол деп атайды.
Дененiң бастапқы және соңғы орындарын қосатын векторды орын ауыстыру деп атайды.

Кеңiстiк - материямен байланысты және шексiз, шетсiз. Кеңiстiктiң негiзгi қасиеттерi: объективтi бар болуы, материямен бiртұтастығы, шексiздiгi, ұзындығы, үш өлшемдiлiгi (барлық физикалық объектiлердiң ұзындығы, енi және биiктiгi болады).


Дене қозғалады, яғни өз орнын тек кеңiстiкте өзгертiп қана қоймай, уақыт бойынша да өзгертедi.
Уақыттың негiзгi қасиеттерi: объективтi бар болуы, үздiксiздiгi, бiр қалыптылығы, бiр ырғақтылығы (уақыт тек алға өткеннен болашаққа қарай жылжиды).
Уақыт материямен, қозғалыспен және кеңiстiкпен тығыз байланысты.
Санақ жүйесi деп - санақ денесiмен байланысқан координаттар жүйесiн және уақытты айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет