«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-нұсқа
α, β және γ сәулелерінің қайсысы магнит өрісінде ауытқымайды?
Тек α сәулесі;
B) Тек β сәулесі;
Тек γ сәулесі;
α және β сәулелері. [1]
Радиоактивті сәулелердің бірі бета қандай бөлшектің ағыны болып табылады? A) Ядроның
Электронның
Позитронның
D) Протонның [1]
Реакция нәтижесінде қандай бөлшек бөлініп шығады? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз. [2]
Толқын ұзындығы 5∙10−7 м болатын жарық квантының энергиясы неге тең?
с = 3∙ 108 м/с, ℎ = 6,62∙10−34Дж∙с. [2]
Планктың тұжырымдамасына сәйкес дененің шығарған немесе жұтқан бір үлес энергиясының формуласын жазыңыз. [1]
Электронның күмістен шығу жұмысы 4,7 эВ. Күміс бетіне толқын ұзындығы λ = 0,3 мкм ультракүлгін сәулелер келіп түскен.
(і) Түскен сәуленің энергиясын анықтаңыз. [1]
(іі) Фотоэффект құбылысы байқала ма? Неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.[3]
Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5∙1020 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай? [3]
Платина үшін шығу жұмысы 6,3 эВ. Электрон массасы m = 9,1∙10−31кг. Платинадан ыршып шығатын электронның жылдамдығы 300 км/с тең болуы үшін оған қандай жиіліктегі сәуле бағытталуы қажет? [3]
(а) Ядролық ыдырауға бір мысал жазыңыз (реакция теңдеуін жазыңыз).
[1]
(b) Ядролық синтезге бір мысал келтіріңіз (реакция теңдеуін жазыңыз)
[1]
(с) Ядролық ыдырау мен ядролық синтездің ұқсастығы мен айырмашылығына бір мысалдан келтіріңіз. [2]
Әлемнің механикалық бейнесі... [1]
Әлемнің электромагниттік бейнесі... [1]
Достарыңызбен бөлісу: |