Формуласы: 71. Спектрофотометрия Фотометрлік талдау әдісізаттың электромагнитті сәулелерді таңдап жұтуына негізделген әдіс. Әрбір біртекті орта белгілі толқын ұзындықтағы сәулелерді таңдап жұтуға қабілетті. Фотометрлік талдау әдісі қолданылатын аппаратураларға байланысты фотоколориметрлік және спектрофотометрлікдеп бөлінеді. Фотоколориметрлік әдісте түсті ерітінділердің жарықты жұтуы анықталады, бұл әдіс көбінесе ерітінділер концентрациясын анықтауда қолданылады және жарық сүзгіштер қолданылады, аппаратураның (күрделі емес аппаратура) өлшеу дәлдігі (%). Спектрофотометрлік әдісте аса күрделі құралдарспектрофотометрлер қолданылады. Осындай құралдар түсті де, түссіз де қосылыстарды талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдістек қана Бугер- Ламберт- Бер заңы жұту коэффициентінің зерттелуші заттардың концентрациясына тәуелсіздігі заңдылығы толығымен орындалғанда қолданылады.
72. Спектрофотометрия (абсорбциялық) – жақын ультракүлгін
(2000-4000 Å), көзге көрінетін (4000-7600 Å) және жақын
Объектілердегі элементтер ізін анықтауда) үшін қолданылады. 73. БУГЕР–ЛАМБЕРТ–БЕР ЗАҢЫ, – монохромат (бір түсті) жарық шоғының жұтушы ортадан өтуі кезіндегі әлсіреуін анықтайды. Бұл заңды 1729 ж. француз ғалымы Пьер Бугер (1698 – 1758) тәжірибе жүзінде ашқан. 1760 ж. неміс ғалымы Иоганн Ламберт (1728 – 1777) теория жүзінде тұжырымдаған, 1852 ж. неміс ғалымы А.Бер ерітінділер үшін тұжырымдаған. 74. Көбінесе, Жарықтың шашырауы деп ортаның кеңістіктік біртексіздігінен болатын сол ортаның өзіндік емес (меншіксіз) жарқырауын айтады. Жарықтың шашырауын жүйелі түрде кванттық электрдинамикаға негізделген сәуленің затпен әсерлесуінің кванттық теориясы мен зат құрылысының кванттық көзқарасына сүйене отырып сипаттауға болады 75.Рэлей заң Рэйлей-Джонс заңы – классикалық статистика шеңберінде Рэйлей мен Джинс алған сәулелену энергиясының көлемдік спектрлік тығыздығы мен абсолютті қара дененің сәуле шығару қабілетін анықтайтын заң (энергияны тең бөлу туралы теоремалар еркіндік дәрежелері және шексіз өлшемді динамикалық жүйе ретіндегі электромагниттік өріс туралы идеялар) Спектрдің төменгі жиілікті бөлігін дұрыс сипаттады, Орташа жиілікте ол экспериментпен күрт сәйкессіздікке әкелді, ал жоғары жиілікте абсурдтық нәтижеге әкелді (төменде қараңыз), бұл мәселеде классикалық физика тұжырымдамаларының қолданылмайтындығын көрсетеді. 76 Нефелометрия Нефелометрия ( грекше nephe – los – тұман ) – ерітіндінің лайланушы дәре – жесімен өлшенетін зат концентрациясын талдау әдісі. Лайланушылық өлшеуді екі жақты принципті бейнемен шығаруға болады. Нефелометрлік әдісте эмульсияда, суспензияда, коллоидты ерітіндіде, жоғары молекулалық қосылыс ерітінділерінде (олигомерлерде, полимерлерде) жүзгін күйдегі бөлшектер шашыратқан жарық ағынынын интенсивтігін өлшейді. Мұндағы жарық ағынын астаушаға түсетін электромагниттік сәуле шығару бағытына бір шама бұрыш жасай өлшейді. Нефелометриядағы өлшеу принципі флуоресценциялық әдістегіге ұқсас.Нефелометр — химиялық сандық талдау үшін (дисперсиялы түйіршіктердің концентрациясын, өлшемін және пішінін анықтау үшін) арналған аспап. Оның жүмыс істеу принципі дисперсиялы жүйеден шағылысқан жарық интенсивтілігін өлшеуге арналған. Судағы, мүнай өнімдерін байқауда, фармацевтік препараттарды, тамақтарды жоне т.б. талдауда қолданылады. Нефелометр көмегімен концентрациясы пайыздың жүз мыңнан үлесі болатын затты анықтауға болады. Нефелометр ретінде калориметрлерді де пайдалануға болады. 1. Радиоактивті сәуле шығару құбылысы. 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді – Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Хсәулелерді «Рентген» сәулелері деп атап кеткен.