«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі


Микроскоптың оптикалық жүйесі, объектінің кескінін салу



бет9/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды

21.Микроскоптың оптикалық жүйесі, объектінің кескінін салу
Микроскоптың негізгі бөлігі- оптикалық жүйесі. Ол екі линзалар жүйесінен тұрады: объектив және окуляр.
Микроскоп объективі- объектінің үлкейтілген нақты микроскопиялық кескінін алуға арналған оптикалық жүйе.Объектив қысқа фокусты 2 не 3 линзалардан тұрады. Линзалар саны күрделі объективте 14-ке дейін жетуі мүмкін. Объектив үлкейтілген, шын, төңкерілген кескін береді.
Окуляр- бақылаушы көзінің торлы қабығында (сетчатка) микроскопиялық кескінді алу үшін қолданылатын оптикалық жүйе. Окуляр объектив арқылы алынған кескінді көз жақсы ажыратып, көре алатындай өлшемге дейін ұлғайтуға арналған оптикалық құрал. Осындай ұлғайту пайдалы деп аталады және ол объективтің сандық апертурасынан 500-1000 есе артық болады. Бөліктердің, шекаралардың дұрыс көрінбеуі кезіндегі ұлғайту пайдасыз деп аталады.
Жалпы окуляр екі линзадан тобынан тұрады: көздік (бақылаушы көзіне жақын орналасқан линзалар тобы) және өрістік (объективтің зерттелетін заттың кескінін беретін кеңістікке жақын орналасқан линзалар тобы).
22.Оптикалық микроскоптың үлкейтуінің формуласы
Оптикалық микроскоп 0,2мк-ға дейінгі элементтер арасындағы құрылымдарды ажыратуға мүмкіндік береді. Кіші денелерді үлкейтіп көрсету үшін микроскоп қолданылады. Микроскоп fоб және fок ара қашықтықтармен бөлінген екі оптикалық жүйелердің комбинациясынан (бір немесе бірнеше линзалар) тұрады. Кіші объекті лупа сияқты окулярдың көмегімен шын (нақты), үлкейтілген кескінін беретін объективтің алдыңғы жағындағы фокусына(денеге бағытталған линзалар жүйесі) орналастырылады. Микроскопта объектіні жарықтандыру конденсордың көмегімен (объектіде жарықты шағылдыратын линзалар жүйесі) жүзеге асырылады. Микроскопта дененің кескінін салуды қарастырайық: Объективтің фокусын fоб, ал окулярдың фокусын fок белгілейміз. fоб және fок ара қашықтығын микроскоптың
тубусының ұзындығы деп атайды, оны L-мен белгілейміз. Объективті денеге (АВ) fоб фокусына жақын фокустық ара қашықтығында орналастырылады. Сол себептен объектив фокустық ара қашықтығынан алыс шын (нақты) үлкейтілген және кері кескін (А1 В1) береді. Бұл кескінді біз жазық лупадағы сияқты окулярдан көреміз. Объектив берген кескін окулярдың ішінде fок фокусына жақын бір еселік фокустық ара қашықтығында орналасады. Окуляр объектив берген кескінді жалған, үлкейтілген, тура кескін (А11В11) түрінде береді. Микроскопта дененің кескіні жалған, үлкейтілген, кері болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет