І нұсқа. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 1,6 мГн, электр сыйымдылығы 0,04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Контурды идеал деп, есептеп, ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (Жауабы. 1 А)
Тербелмелі контур сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 1 Ге катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (Жауабы: 0,5·10-6 соs630t ).
Индуктивтігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болма, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? ( 50Гц; 0,02 с)
Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 100 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 2·107 Гц жиілікте резонансқа түстеді. Конденсатор астарларының ара қашықтығы қандай? (0,14 см).
ІІ нұсқа. Электр өтімділігі ортадағы электр өрісінің кернеулігі 2*103В/м нүктедегі электр өрісі энергиясының тығыздығы ()
(Ж: 2,65*10-5Дж/м3 )
Ауданы 200 см2 арақашықтығы 1 см жазық конденсатордың өріс кернеулігі 500 кВ/м өрістің энергиясы() (Ж: 2,2*10-4Дж)
Индуктивтілігі 5 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 576 Ом болса, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? (Ж.18,34Гц,5*10-2с)
Тізбектегі ток күші i=8,5sin(628t+0,325) заңымен өгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар(Ж.0,325,100Гц)