«ФИЗИКА» ПӘНІНЕН II ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық – ...
A. екінші ғарыштық жылдамдық
B. бірінші ғарыштық жылдамдық
C. үшінші ғарыштық жылдамдық
D. төртінші ғарыштық жылдамдық [1].
Деформациялау түрлерінің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
бұрау, қию, созу, сығу, ығысу
иілу, созу, сығу, ығысу, бұрау
иілу, қағу, сызу, созу, бұрау
созу, сығу, жырту, ығысу, иілу [1].
Ньютонның бірінші заңын тұжырымдап жазыңыз [1].
Суретте қол шананы сүйреп бара жатқан адам бейнеленген
Шанаға әсер етіп тұрған күштерді суретте бейнелеңіз [1].
Шананың қозғалыс үдеуі 1,5 м/с2. Шана мен баланың жалпы массасы 38 кг. Күш, масса және үдеуді байланыстыратын теңдеуді жазыңыз [1].
Шанаға әсер ететін күшті анықтаңыз [1].
Неліктен шанаға әсер ететін күштен адамның тарту күші үлкенірек болуы қажет екендігін сипаттап жазыңыз [1].
Радиустары бірдей қорғасыннан және болаттан жасалған шарлар соқтығысып, қарама- қарсы жаққа үдеу ала қозғалады. Қорғасын тығыздығы болат тығыздығынан 1,4 есе көп.
Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі алатын үдеу модульдерінің қатынасын анықтаңыз [4].
Массасы 1,4 104кг спутник, Жердің центрінен 6800 км қашықтықтағы орбитада орналасқан. (Жердің массасы 6 1024 кг, 𝐺 = 6,67 10−11 Н м2 кг-2). Спутник пен Жер арасындағы тартылыс күшін есептеңіз [2].
Спутниктің бірінші ғарыштық жылдамдығын, алатын үдеуін және айналу периодын анықтаңыз [1].
Ньютонның тартылыс заңының тұжырымдамасын жазыңыз [1].
Геостационарлық орбита дегеніміз не және ол не үшін қажет екендігін сипаттаңыз [1].
Достарыңызбен бөлісу: |