«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып



бет14/19
Дата22.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#127717
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
9 класс БЖБ

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді

  • График бойынша амплитуда, период, жиілікті анықтайды

  • Резонанс құбылысын сипаттайды

  • Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіреді

  • Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясын сапалы сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар

1. (а) Еркін тербеліске мысал келтіріңіз. Еріксіз тербеліске мысал келтіріңіз.

(b) Берілген суреттер ішінен еріксіз тербеліске жататын мысалды анықтаңыз.







  1. Суретте тербелмелі дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелді графигі көрсетілген.


(а) Берілген графиктен анықтаңыз: (і) Тербеліс амплитудасын (іі) Тербеліс периодын

(ііі) Тербеліс жиілігін


  1. (а) Резонанстың бір пайдасы мен бір зиянына мысал келтіріп жазыңыз. Зияны:

Пайдалы жағы:

(b) Музыкалық аспаптарда резонанс құбылысы не үшін қолданылады? Жауабыңызды түсіндіріп жазыңыз.




  1. (а) Дыбыс қаттылығы қандай физикалық шамаға тәуелді болады?

(b) Тон биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді болады?


  1. Ақ жарық жеті түске жіктеледі.

(а) Төменде көрсетілген түстерді спектрдегі ретімен жазып шығыңыз.

қызыл, жасыл, көк, күлгін, сары, көгілдір, тоқ сары.
(b) Ақ жарықтан жеті түс қалай алуға болады?


  1. (а) Призмаға алдымен көк жарық, содан кейін қызыл жарық түсірген.

(і) Призма арқылы өткеннен кейінгі қызыл және көк сәулелердің жүру жолын салыңыз.
(іі) Неліктен бұлай салғаныңызды түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет