3 тапсырма Шам мыс сым арқылы ЭҚК – і 2 В және ішкі кедергісі 0,04 Ом ток көзіне қосылған. Сымның ұзындығы 4 м, диаметрі 0,8 мм, мыстың меншікті кедергісі 0,017 мкОм*м. Ток көзінің қысқыштарындағы кернеу 1,98 В.
а) мыс сымның кедергісін табыңыз [3] б) шамның кедергісін анықтаңыз. [3]
4 тапсырма Мырыш сульфаты ерітіндісін электролиздеуде 60 минут ішінде 2,45*10-3 кг мырыш бөлінеді. Сыртқы кернеу 8,7 В. Мырыштың электрохимиялық эквиваленті 3,9*10-7 кг/Кл. Ерітіндінің кедергісін табыңдар. [2] 5 тапсырма Кернеулігі 1,82 мВ/м біртекті электр өрісінде қозғалатын электронның үдеуі табыңыз
(e=1.6 )
[3] 6 тапсырма Еден тазартқыш қозғалтқышының кернеуі 220 в ток көзінен 1,25 А ток күшін тұтынатыны, ал оның ПӘК – і 80% - ға тең екені белгілі.
а) электр тогының жұмысын есептеңіз [2] б) қозғалтқыштың атқарған жұмысын есептеңіз [2] 7 тапсырма Электрсыйымдылықтары бірдей C = 25 пФ төрт конденсатор суреттегідей жалғанған.
а) Алынған батареяның электрсыйымдылығын анықтаңыз. Жауабын пФ – мен беріңіз. [2] б) осы батареяда жинақталатын электр өрісінің энергиясын есептеңіз. [2]
8 тапсырма Жартылай өткізгіш түрі мен оның өтімділігін сәйкестендіріңіз
Жартылай өткізгіш түрі
өтімділік
n – типтегі жартылай өткізгіш
р – типтегі жартылай өткізгіш
р-n – типтегі жартылай өткізгіш
А. біржақты
В. екіжақты
С. кемтіктік
D. иондық
E. электрондық
F. ионды - кемтіктік
[3] 9 тапсырма Кернеулігі 3 Н/Кл біртекті электр өрісінде тепе-теңдік күйде болатын массасы 3 г теріс зарядталған мырыш тозаңның заряды және «артық» электрондар саны
[4]