«Физика» пәнінен жмб – ғы 0 сыныптарға арналған тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата19.03.2022
өлшемі38,93 Kb.
#136122
Байланысты:
ТЖБ 10 сынып 3 тоқсан


«Физика» пәнінен ЖМБ – ғы 10 сыныптарға арналған
3 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1 тапсырма
Егер R1=2 Ом, R2=5 Ом, R3=3Ом болса, қай суреттегі тізбектің жалпы кедергісі 6,2 Ом-ға тең?

1) 1
2) 2


3) 3
4) 4
[2]
2 тапсырма
t1=00С температурадағы алюминий сымның кедергісі R0=4,25 Ом. t2=2000С температурадағы сымның кедергісін анықтаңыз. Алюминийдің температуралық коэффициенті 0,093 мг/Кл. [1]


3 тапсырма
Шам мыс сым арқылы ЭҚК – і 2 В және ішкі кедергісі 0,04 Ом ток көзіне қосылған. Сымның ұзындығы 4 м, диаметрі 0,8 мм, мыстың меншікті кедергісі 0,017 мкОм*м. Ток көзінің қысқыштарындағы кернеу 1,98 В.
а) мыс сымның кедергісін табыңыз [3]
б) шамның кедергісін анықтаңыз. [3]


4 тапсырма
Мырыш сульфаты ерітіндісін электролиздеуде 60 минут ішінде 2,45*10-3 кг мырыш бөлінеді. Сыртқы кернеу 8,7 В. Мырыштың электрохимиялық эквиваленті 3,9*10-7 кг/Кл. Ерітіндінің кедергісін табыңдар. [2]
5 тапсырма
Кернеулігі 1,82 мВ/м біртекті электр өрісінде қозғалатын электронның үдеуі табыңыз
(e=1.6 )
[3]
6 тапсырма
Еден тазартқыш қозғалтқышының кернеуі 220 в ток көзінен 1,25 А ток күшін тұтынатыны, ал оның ПӘК – і 80% - ға тең екені белгілі.
а) электр тогының жұмысын есептеңіз [2]
б) қозғалтқыштың атқарған жұмысын есептеңіз [2]
7 тапсырма
Электрсыйымдылықтары бірдей C = 25 пФ төрт конденсатор суреттегідей жалғанған.

а) Алынған батареяның электрсыйымдылығын анықтаңыз. Жауабын пФ – мен беріңіз. [2]
б) осы батареяда жинақталатын электр өрісінің энергиясын есептеңіз. [2]


8 тапсырма
Жартылай өткізгіш түрі мен оның өтімділігін сәйкестендіріңіз

Жартылай өткізгіш түрі

өтімділік

  1. n – типтегі жартылай өткізгіш

  2. р – типтегі жартылай өткізгіш

  3. р-n – типтегі жартылай өткізгіш

А. біржақты

В. екіжақты

С. кемтіктік

D. иондық

E. электрондық

F. ионды - кемтіктік



[3]
9 тапсырма
Кернеулігі 3 Н/Кл біртекті электр өрісінде тепе-теңдік күйде болатын массасы 3 г теріс зарядталған мырыш тозаңның заряды және «артық» электрондар саны
[4]


Жалпы балл: 30

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет