«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың тест спецификациясы 10-сынып


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет7/10
Дата18.12.2021
өлшемі1,77 Mb.
#102925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 сынып ТЖБ

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсыр ма саны*

тапсыр ма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойынша балл

1.1


Кинематика

10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика

теңдеулерін қолдану


Қолдану


2

2

ҚЖ

4

3


7


10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі

кинематикалық шамаларын анықтау


Қолдану

4

ҚЖ

6

4


1.2

Динамика


10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру

Қолдану

2

5

ТЖ

4

4

10


10.1.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік

графигін түсіндіру


Жоғары деңгей дағдылары


8

ТЖ

7

6


1.3 Статика

10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату

Қолдану

1

3

КТБ

4

3

3

1.4 Сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану

Қолдану

1

6

ҚЖ

5

5

5

1.5

Сұйықтар мен газдардың механикасы



10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік,

сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану


Қолдану


2

7

ТЖ

5

4


5


10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін

эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану


Қолдану

1

КТБ

2

1


Барлығы:













40

30

30

Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Контейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м. Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2)

A. 9,9 м/с

B. 14,1 м/с

C. 15,0 м/с

D. 17,3 м/с

[1]



  1. Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.

  1. Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.

[1]

  1. Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру жасағанын есептеңіз.

[2]


  1. Ұзындығы L= 3 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған. Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.




  1. Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.




  1. Сырықтың массасын анықтаңыз.

[1]
[2]






  1. Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).

  1. Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның жылдамдығы қандай болады?

[2]

  1. Суретте бастапқы горизонталь жылдамдығы келесі мәндерге ие болған жағдайлар үшін доп траекториясын сызыңыз:




    1. жылдамдығы 8,2 м/с-тан үлкен және ауа кедергісі ескерілмейді. Бұл траекторияны В әрпімен белгілеңіз;

[1]

    1. жылдамдығы 8,2 м/с-ке тең және ауа кедергісі ескеріледі. Бұл жағдайда траекторияны С әрпімен белгілеңіз.

[1]


  1. Жіпке байланған тас горизонталь жазықтықта 5.1-суретте көрсетілгендей тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады.

(a) Тас қозғалысының бірқалыпты не үдемелі болатындығы туралы қорытынды жасап, түсіндіріңіз.

[1]


5.1-сурет

(b) Тастың салмағы 5,0 Н. Жіп вертикальмен 350 бұрыш жасаған кездегі жіптің керілу күші T-ға тең. Тасқа әрекет ететін қорытқы күш мәнін есептеңіз.

[3]


5.2-сурет






  1. Массасы 40 г металл шар вертикаль серіппеге 6.1-суретте көрсетілгендей құлайды.

6.1-сурет

Серіппе ұстатқышқа вертикаль бекітілген. Шар серіппеге 2,8 м/с жылдамдықпен соғылады. Шар құлаған соң серіппе шармен бірге төмен қарай сығылады.



  1. Серіппеге соғылар алдында шардың кинетикалық энергиясы 0,16 Дж болғандығын дәлелдеңіз.

[1]

  1. Сығылу кезінде серіппеге әсер еткен күштің х деформацияға тәуелділігі 6.2-суретте берілген. Серіппенің максимал сығылуы 𝑋𝐵, қатаңдығы 800 Н/м.

F, Н





6.2-сурет

    1. 6.2-суретті пайдаланып серіппенің максимал ХВ сығылуын анықтаңыз.

[2]


    1. Шардың кинетикалық энергиясы толығымен серіппенің потенциалдық энергиясына айналмайтынын дәлелдеп, себебін түсіндіріңіз.

[2]


  1. Вентури құбыры сұйық пен газдың ағу жылдамдығын өлшеу үшін қолданылатын құрылғы. Құрылғы өзара жалғанған аудандары 𝑆1, 𝑆2 түтікшелерден тұрады.


Түтікшелердің аудандары сәйкесінше 𝑆1 = 5см2 және 𝑆2 = 3см2. Вертикаль түтіктердегі сұйықтар биіктіктерінің айырмашылығы 20 см.

Анықтаңыз:


  1. құбырдың тар бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.




  1. құбырдың кең бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.

[3]
[1]




  1. Төменде белгілі бір планетаның гравитациялық өрісі кернеулігінің планета центрінен қашықтыққа тәуелді өзгерісі берілген. Планета массасы – М.




  1. Графикті пайдаланып, қисықтың градиентін анықтаңыз. Анықтау жолын толық көрсетіңіз.




  1. Планетаның массасын есептеңіз.

[2]
[2]

  1. Радиусы екі есе үлкен, тығыздығы бірдей планета үшін жоғарыда берілген график қалай өзгеретінін түсіндіріңіз.

[2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет