5. Өзі - өзін, топтық бағалауды үйрету.
Физика сабақтарымда 7 модульдін жаңа әдіс тәсілдерінің қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жұпта, жеке, топта, физикалық терминдердің шамалардың әрекеттерін іске асырды, әр оқушы сабақта орындалатын тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйренді және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты.
Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы ұстаз ретінде мен оқушыларды ынтымақтасқа, топпен, жұппен бірлесе отырып жұмыс жасауға, өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаимын.
Әр сыныпқа бөлек тоқтасақ 7 – сыныпта 4 оқушы, сыныпта 3 оқушы «5-ке» оқиды білім сапасы 75 %.
8 – сыныпта білім сапасы 100 % , сыныпта 3 оқушы «5-ке» оқиды, ал 2 «4-ке» оқиды, барлығы 5 оқушы.
9 – сыныпта 6 окушы бар. Соның ішінде 2 оқушы «5-ке» оқиды, ал 2 «4-ке» оқиды, білім сапасы 66 %.
Былтырғы 2015 – 2016 оқу жылымен салыстырғанда 8 – сыныпта білім сапасы өзгерген жоқ,
ал 9 – сыныпта өзгерді 50 % - дан 66 % - ға.
Барлық сыныптарда қосымша сабақтар өткіздім. Өткен тақырыптарға сай есептер шығарылынып, физикалық терминдер қайталанды және тест жұмыстары өткізілді, менің ойымша тақырыптарды қайталау оқушылардың білім сапасының өсіуне әсер тигізді және барлық сыныптын оқушыларында сабаққа деген талпыныстары өсті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Барлық сынып оқушылардың жұмыс дәптерінен басқа бақылауға және зертханалық жұмысқа арналған дәптерлері бар.
Қазіргі оқу үрдісінде компьютерлік техниканы, интернет желісін, видео, аудио қондырғыларды, электрондық оқулықтар мен интерактивті тақта мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану арқылы, барлық оқушылардың танымдық белсенділігі артып қана қоймай олардың логикалық ойлау жүйесі қалыптастырып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалатындығына көзіміз жетуде. Осыған байланысты АҚТ-ны барлық сабағықтарымда қолданамым.
Жаңа тақырыптар өткен кезде сабақтарымда призентациялар қолдандым және bilimland.kz сайтынан көптеген бейнефильмдерді жүктеп алып колдандым. Бұл оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттудың тағы бір жолы болады.
Әр сабағымның келесі кезегіндегі оқушылардың сөздік қорларын жақсарту мақсатында ұйымдастырған диалогтық тапсырмалар да көптеген өзгерістерге әкелді. Оқушылар топ ішінде өздері пікір таластырып, ойларымен бөлісе біледі.
Сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалау, жұппен, топпен бағалауды, топ басшысының бағалауы сияқты түрлерін нақты үйренді.
Сабақтарымда оқушылар топпен де, жұппен де жұмыс жасауды біледі. Оқушылар сабаққа қызығушылық танытып, өздерін еркін ұстап, бір-бірімен ойларымен бөлісіп, сабаққа деген ынталарын артып, өзін-өзі реттеп, белсенді қатысады, және жеке деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне, дарындылығына, талантылығына сәйкес білім алуын керектігін үйретеді, бұл әр мұғалімнің сабақтағы жоғары деңгейде өтуіне әсер етті.
Пән бойынша бағдармалық жоспардан қалу, ауытқу болмады.
Жыл бойы бақылау, тексеру жұмыстары өткізілді, оқушылардың алған білімдерін тексеріп қорытынды жасап отырдым.
Сабақ барысында дамыту міндетінің есте сақтау қабілетін арттыру үшін оқушыларға интернт жүйесін пайдаланып және қолданғы бар материалмен демонстрация көрсетемім.
Қиындық түсетін зертханалық жұмыстарды өткізген кезде, өйткені электротехникадан, электродинамикадан құралдар жоқ, бірақ оған қарамастан зертханалық жұмыстарымызды орындау үшін, қолдан жасалған құралдарды пайдаландық.
Барлық оқушылардың білім үлгерімі 100 %.
Достарыңызбен бөлісу: |