«Физикалық есептерді шығару әдістемесі»



бет5/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,22 Mb.
#36388
1   2   3   4   5   6   7   8

V вариант

1-есеп. Материялық нүкте қисықтың бойымен тұрақты тангенциаль 0,5м/с2 үдеумен қозғалады. Қисықтың радиусы 3 м болатын учаскеде нүктенің жылдамдығы 2 м/с болса, нүктенің толық үдеуі қандай болады?

2-есеп. Автомат пистолеттен массасы 10 г оқ 300 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Пистолеттің затворының массасы 200 г, ал ол пистолеттің ұңғысына қайшылығы 25 Н/м серіппемен жалғасқан. Оқ атқан кезде пистолет мықты орныққан деп қарап, затвор қандай қашықтыққа кейін тебілетінін анықтаңдар.

3-есеп. Диек вертикаль өстен 30 айн/мин жылдамдықпен айналады. Айналу өсінен 20 см қашықтықта диек үстінде бір дене жатыр. Дене диегінің үстінен сырғанау үшін, үйкеліс коэффициенті қандай болу керек?


3 бақылау жұмысы

Тақырып: «МКТ. Термодинамика»



І – вариант

І вариант



  1. Сыйымдылығы 0,3 л ыдыста 290 К температурада газ орналасқан. Егер ыдыстан 1019 молекула шығып кетсе, ыдыстағы қысым қаншаға төмендейді?

  2. Кейбір газдың қалыпты жағдайдағы орташа квадраттық жылдамдығы 480 м/с-қа тең. Осы газдың 1 граммында қанша молекула бар?

ІІ вариант



  1. Көлемі 3 дм3 ыдыста 4 мг гелий, 70 мг азот және молекулалар саны 5*1021 сутегі бар. Осы қоспаның 270С температурадағы қысымын анықтаңдар.

  2. Суретте тұйықталған цикл берілген. Осы диаграмманы р, Т және V, Т координаттарымен сызып көрсетіңдер.

ІІІ вариант



  1. 270С температурада және 100кПа қысымда көлемі 15 л баллонда азот бар. Баллонннан азоттың 14 грамын шығарып жібергенде, газ температурасы 170С-қа тең болды. Баллонда қалған азоттың қысымы қандай?

  2. Газдың тығыздығы 0,01 кг/м3-ке, ал осы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 480 м/с-қа тең. Газдың ыдыстың қабырғасына түсіретін қысымын анықтаңдар.

ІҮ вариант



  1. 70С температурада және 0,12 МПа қысымдағы ыдыстың ішінде гелий мен оттегі орналасқан. Қоспаның массасы 64 г. Қоспадағы гелийдің және оттегінің массасын табыңдар.

  2. Суретте тұйықталған цикл берілген. Осы диаграмманы р, Т және V, Т координаттарымен сызып көрсетіңдер.

4 бақылау жұмысы

Тақырып: «Тұрақты ток»

І – вариант

1-есеп: Егер ұзындығы 5м өткізгіштің ұштарындағы кернеу 2В болса, ондағы токтың тығыздығы қандай? Материалдың меншікті кедергісі 2мкОм.*м

2-есеп. Ұзындығы 5м мыс өткізгіштің ұштарындағы кернеу 1В. Өткізгіштегі ток тығыздығын табыңдар.

3-Жазық ауа конденсатордың астарларының арасы 2мм, ауданы 100см2, потенциалдар айырмасы 50В. болды.Астарларды 1см аралыққа дейін керу үшін қандай жұмыс жасау қажет.



ІІІ – вариант

1-есеп. . Егер ε = 4В, r = 0,2 Ом, R1 = 0,9 Ом, R2 = 2,9 Ом. болса, тізбектегі токты есептеңдер:



2-есеп. Кедергісі 10 Ом өткізгіштегі ток I= 3 А болса, 30 с ішінде өткізгіштен бөлініп шыққан жылуды анықтаңыз.

3- есеп. Изохоралық процесс кезінде қысым 4 есе артты. Соңғы температура 1200К болса, бастапқы температура қандай болғаны?

ІV вариант

1-есеп: Тұрақты р=105 Па қысымда сыртқы күштер 104 Дж жұмыс жасайды. Бұл жағдайда газдың көлемі қалай өзгерді?

2-есеп. Егер әр конденсатордың сыйымдылығы 3 мкФ тең болса, төмендегі конденсатор батареясының сыйымдылығы неге тең?

3-есеп. Сыртқы кедергі 5Ом болса, ток көзіне параллель қосылған вольтметр 10В кернеуді көрсетеді. Ал кедергі 12 Ом -ға тең болғанда, 12 В кернеуді көрсетеді. Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергіні табыңдар.

5 Бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Атомдық физика»



І вариант

  1. Электронның кинетикалық энергиясы 0,6 МэВ. Де Бройль толқын ұзындығын анықтаңдар.

  2. хром атомының массасын анықтаңдар.

  3. Қандай орбитада сутегі атомындағы электронның жылдамдығы 734 км/с болады?


ІІ вариант

  1. Сутегі атомының бірінші және екінші дөңгелек орбитасы үшін кулондық тартылу күшін және электр өрісінің кернеулігін табыңдар.

  2. Қандай жылдамдықта электрон үшін де Бройль толқын ұзындығы толқынның комптондық ұзындығына тең болады?

  3. масса ақауына қандай энергия сәйкес келеді (эВ-пен)?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет