СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Саяси картасы
Бұл аймақта 2 ірі мемлекет орналасқан, олар: Канада және АҚШ
Канада жер көлемінен дүние жүзінде: 2-орында
АҚШ жер көлемінен дүние жүзінде: 4-орында
Экономикалық-географиялық жағдайы
АҚШ пен Канада ешқандай шығынсыз әлеуметтік-экономикалық даму жолына өтіп, жоғары дәрежеде дамуына мүмкіндік туғызады: құрлықтардан алыс орналасуы және олардың аумағында дүниежүзілік соғыстардың болмауы
Пайдалы қазбалары
Канада қалқанында мол қоры бар: түсті металл кен орындары, мыс, мырыш, кобальт, уран, алтын, темір
Көмір кен орындары кездеседі: Аппалач, Сеңгір таулар етегінде
Мұнай кендері кездеседі: Мексика шығанағы мен Солтүстік Мұзды мұхит қайраңдарында
Халқы
Солтүстік Америка халқы: 450 млн жуық
Материктің байырғы халқы: үндістер, эскимостар, алеуттер монғол нәсілінің америкалық тармағы
Материкте еуропалық елдерден келгендер – испандар, ағылшындар, ирландықтар, француздар қоныстана бастады: XVII ғасырдан бастап
Халықтың басым көпшілігі сөйлейді: ағылшын тілінде
Канада халқының бір бөлігі: француз тілінде сөйлейді
АҚШ-та тұратын қара нәсілділердің саны: 20 млн
Халық тығыз қоныстанған: АҚШ пен Канада шекарасы және АҚШ-тығ шығыс жағалауында
Солтүстік Америкада қалада тұратын халық құрайды: 75%
АҚШ
Ауданы: 9 млн 363 мың шаршы шақырым
Әлемде ауданы жөнінен: 4-орында (Ресей, Қытай, Канада)
Астанасы: Вашингтон (Колумбия федералды округінде орналасқан)
Халқының саны жөнінен дүние жүзінде: 3- орын алады (Қытай, Үндістан)
Халық саны (2010 ж.): 309, 6 млн
Мемлекеттік құрылымы: 50 штаттан тұратын федерациялы республика
АҚШ аумағы 3 бөліктен тұрды: 1. Негізгі аумақ, 2. Аляска, 3.Тынық мұхитындағы Гавай аралдары
Қай жылы АҚШ республика болып жарияланды: 1776 ж 4-шілдеде
АҚШ-тың алғашқы президенті: Джордж Вашингтон
Мемлекеттік туындағы жұлдыздар білдіреді: штаттар санын
Мемлекеттік туындағы кезектесіп орналасқан ақ және қызыл жолақтар білдіреді: алғашқы біріккен 13 штаттың санын
АҚШ-тың байырғы халқы: үндістер (1%)
АҚШ халқының орташа тығыздығы: 1 шаршы шақырымға - 28 адам
Американ ұлтының қалыптасуына әсер еткен фактор: иммиграция
Адамдардың көпшілігі қоныс аударған: Еуропа елдерінен
Халқының саны 10 млн асатын агломерациялар: Нью-Йорк, Лос-Анджелес
АҚШ-та 3 ірі мегаполис бар: Босваш-Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатыр (Солтүстік-Шығыс мегаполисі), Чипитс-Чикагодан Питсбургқа дейін созылып жатыр(Көл маңы мегаполисі), Сан Франсискодан Сан-Диегога дейн созылып жатыр (Калифорния мегаполисі)
Достарыңызбен бөлісу: |