ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ
Саяси картасы
Латын Америкасы орналасқан: Солтүстік Американың оңтүстігінде, Орта Америка және Оңтүстік Америкада
«Латын Америкасы» атауы пайда болды: елдердің латын тілді елдердің (Испания мен Португалия) XV-XVII ғасырларда отарлауынан кейін
Латын Америкасына неше ел мен аумақ кіреді: 46
Оның қаншасы тәуелсіз елдер: 33
Қалыптасқан кезінен бастап Еуропа елдеріне, кейінірек АҚШ-қа экономикалық және қаржы жағынан тәуелді болды: Латын Америкасы
Латын Америкасы елдерінің көбісі басқару бойынша: республикалар
Ұлыбритания достығына кіретін елдер: Виргин аралдары, Кайман аралдары, Бермуд аралдары, Фолкленд (Мальвин) аралдары
Әкімшілік-территориялық құрылысы жөнінен елдер: унитарлы болып саналады ( сонымен қатар федерациялы елдер де бар)
Материктің саяси картасында: 20 жуық мемлекет бар
Аумағы жөнінен ірі ел: Бразилия
Латын Америкасындағы «социалистік даму жолындағы» 1250 км созылған арал-мемлкет: Куба
Теңіз деңгейінен 3630 м биіктікте орналасқан ең биік таулы астана: Боливияның астанасы Ла-Пас қаласы
Латын америкасы 4 субрегионға бөлінеді: 1. Анд елдері: Чили, Колумбия, Боливия, Перу, Эквадор; 2. Ла-Плата елдері:Парагвай, Уругвай, Аргентина; 3. Орта Америка: Мексика, Орталық Америка және Кариб теңізі аралдық елдері; 4.Бразилия
Латын Америкасының аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай: 13 мың км
Батыстан шығысқа қарай: 5 мың км созылып жатыр
Достарыңызбен бөлісу: |