Көмір өнеркәсібі
Отын, химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылатын, кокс алуда пайдаланылатын маңызды энергетикалық ресурс: Көмір
Қазақстандағы барланған көмір қоры: 64 млрд. т
Еліміздегі көмірдің негізігі қоры шоғырланған: солтүстік және орталық бөліктерінде (Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында)
Қазақстандағы ең маңызды кен орны: Қарағанды алабы
Қарағанды көмірін ең алғаш тапқан: Апақ Байжанов (1831 ж.)
Сапасы өте жоғары, кокстеледі, көмір жабық, шахталық әдіспен өндіріледі: Карағанды көмірі
Ауаның қатысуынсыз алынатын, металлургия өнеркәсібіне қажет энергетикалық құнды отын: Кокс
Қарағандыда шоғырланған көмірдің геологиялық қоры: 51 млрд. т
Қарағандыда шоғырланған көмірдің тереңдігі: 50-300м
Қарағандыда шоғырланған көмірдің қалыңдығы: 1,5-15 м
Еліміздегі кокстелетін көмірдің 100%-ы өндіріледі: Қарағандыда
Республикамыздағы маңыздылығы жөнінен екінші орындағы көмір кен орны: Екібастұз алабы
Екібастұздағы көмір кен орнын ашқан: Қасым Пішенбаев (1876 ж)
Көмірі ашық әдіспен өндірілетін, көмірдің сапасы нашар, жаққанда күлі көп болғандықтан, құны арзан, оны Қазақстанның және Ресейдің ЖЭС-ы, МАЭС-ы пайдаланады: Екібастұз көмірі
Екібастұз алабында орналасқан әлемдегі ең ірі ашық кен орны: «Богатырь»
Екібастұз алабында орналасқан көмірдің геологиялық қоры: 12 млрд. т
Екібастұз алабында орналасқан көмір қабатының қалыңдығы: 100-120 м
Еліміздегі негізгі көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Қостанай облысындағы (Приозер, Обаған, Құсмұрын кен орындары), Торғай, Семейде (Қаражыра) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |