Жер көлемі бойынша ерекшеленетін елдер Микромемлекеттер: Ватикан, Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино т.б.
Халықтың саны бойынша көзге түсетін елдер (халқы 100 млн-нан асады): Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресей, Индонезия, Бразилия, Пәкстан
Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты Аралдық елдер: Исландия, Шри-Ланка
Топаралдық елдер: Жапония, Филиппин, Индонезия
Түбекте орналасқан елдер: Үндістан, Грекия, Италия, Испания
Теңіз жағалаулық елдер: Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия
Теңізге шыға алмайтын елдер: Монғолия, Чад, Қырғызстан, Словакия (40 ел)
Ұлттық құрамы бойынша Бірұлтты елдер: Жапония, Корея, Швеция
Көпұлтты елдер: Үндістан, Ресей
Дүние жузі елдерін басқарудың негізгі 2 түрі таралған: Республикалық, монархиялық
Заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі сайланатын өкілетті орган парламенттің, атқарушы билік – үкіметтің қолында болатын басқару: Республикалық басқару
Мемлекет басында король, император, принц, герцог, князь, сұлтан, т.б. басшылық ететін басқару түрі: монархиялық басқару
Президенттік Республикада: президент өте үлкен басымдылыққа ие бола отырып, үкіметті өзі басқарады
Президенттік Республикалар: АҚШ, Аргентина, Франция
Парламенттік Республикада: басты тұлға президент емес, үкімет басшысы болып табылады
Конституциялық монархияда: заң шығару билігі – тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті тек өкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды
Дүние жүзіндегі ең көне конституциялы монархиялы ел: Ұлыбритания
Абсолюттік монархияда: монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, ол қорғаныс министрі, жоғарғы сот және діни басшысы болып келеді
Дүние жүзі елдері әкімшілік-аумақтық құрылысына қарай 2-ге бөлінеді: унитарлы, федерациялы
Парламенттің шығарған заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) тікелей үкіметке бағынып, ортақ заң жүзеге асырылады: унитарлы мемлекетте
Дүние жүзі елдерінің көпшілігі: унитарлы мемлекет
Унитарлы мемлекеттер: Қазақстан, Франция, Қытай, Туркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия
Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын жекелеген аумақтық құрылымдары (республикалар, провинциялар, автономиялар, штаттар, т.с.с) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс: Федерациялы мемлекет
Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық құрылыс федерация болып табылатын неше мемлекет бар: 20-дан астам
Федерациялы мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Аустралия, Канада және т.б.
АҚШ тұрады: 50 штат пен Колумбия федералды округінен