«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»



бет3/8
Дата03.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#108138
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену» факультатив 8





Түсінік хат


Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілде оқыту арқылы оқушының сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Оқыту үдерісінде бағдарламаға сай оқушылар физикадан негізгі ұғымдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын оңай игеріп, олардың мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бағдарламаға CLIL әдістемесі, яғни физика пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі салынған.

Факультатив курс бағдарламасы 8-9 сынып оқушыларына бір жылдық оқу үшін арналған. Әр сыныпқа барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа есептеліп құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет