Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»
(8-9 сыныптарға арналған факультативтік курс)
Орал, 2018
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды. Хаттама №1 07.02. 2018 жыл
Құрастырушылар:
Тангалиева А.И. - №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты
физика пәні мұғалімі
Габдуллина Л.С. - №20 жалпы орта білім беретін мектебінің бірінші санатты
физика пәні мұғалімі
Рецензент:
Сырым Ж.С. – М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
Утеева С.А. – Орал қаласыНазарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің модератор-мұғалімі:
8–9сыныптарға арналған факультативтік курстың бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика курсының мектеп бағдарламасына сай құрылған.
Курстың бағдарламасы берілген әрбір тақырыптағы физикалық терминдердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндебаламасын түсініп, оқыпүйрену, тілдік мақсаттарға сай оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жасалған. Жиі қолданыста жүретін термин сөздердің түсіндірмесі және оларды сабақта пайдалану жолдары көрсетілген. Бұл факультатив курс бағдарламасын физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады.
Мазмұны
1. Түсінік хат 4
2. Курстың мазмұны – 8 сынып 5
3. Күнтізбектік-тақырыптық жоспар 8 сынып 6
4. Курстың мазмұны – 9 сынып 8
5. Күнтізбектік-тақырыптық жоспар 9 сынып 9
6. Сабақтар топтамасы – 8 сынып 11
7. Сабақтар топтамасы – 9 сынып 18
8. Әдебиеттер 26
3
Түсінік хат
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілде оқыту арқылы оқушының сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Оқыту үдерісінде бағдарламаға сай оқушылар физикадан негізгі ұғымдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын оңай игеріп, олардың мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бағдарламаға CLIL әдістемесі, яғни физика пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |