Зарядтың сақталу заңы: тұйық жүйедегі электр зарядтарының алгебралық қосындысы өзгермейді.
Электр заряды – релятивистік-инвариантты шама.
Нүктелік заряд деп әрекеттесетін басқа зарядталған денеге дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда өлшемдері әлде-қайда кіші болатын зарядталған денені атайды.
Кулон заңы: екі тыныштық күйдегі нүктелік зарядтың өзара әсерлесу күші зарядтардың және шамаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал:
.
Күш өзара әрекеттесетін зарядтарды жалғайтын түзудің бойымен бағытталады.