«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет79/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Фокальдық жазықтық деп - линзаның фокусы арқылы өтетін, негізгі оптикалық өське перпендикуляр жатқан жазықтықты айтады.
Фокустық ара қашықтық f деп – линзаның оптикалық центрі О мен линзаның F фокусы арасындағы қашықтықты айтады.

Жұқа линзаның формуласы:

13.4-сурет


а мен b линзадан затқа және кескінге дейінгі ара қашықтық. Егер а=∞ болса, линзаға сәуле параллель шоқ түрінде түседі. (а), онда b=f. Егер b=∞ болса, онда кескін шексіздікте болады. (б), сондықтан линзадан сәулелер параллель шоқ түрінде шығады a= f . ( 4б-сурет).
Екі жағынан да бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық ара қашықтығы бірдей. Ф = 1/f шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады. Оның өлшем бірлігі — диоптрия (дптр) — фокус ара қашықтығы 1м болатын линзаның оптикалық күші. Оптикалық күштері оң линзалар (13.4-сурет) жинағы линзалар, ал оптиқалық
13.5-сурет күштері теріс линзалар шашыратқыш линзалар деп аталады (13.5-сурет). Жинағыш линзаларға қарағанда шашыратқыш линзалардың фокусы жалған болады. Бас оптикалық өске параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзаның (сынған сәуле) жалған фокусында түйіскен кескін сияқты болып көрінеді.
Линзаның оптикалық центрi немесе оның фокустары арқылы өтетiн, сондай-ақ бас оптикалық оське немесе оның қосымша осьтерiнiң бiрiне параллель сәулелерiн пайдаланып жинағыш немесе шашыратқыш линзалардың көмегiмен алынатын нәрсе кескiнiн салуға болады.
Бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан кескiннiң және нәрсенiң сызықтық өлшемдерiнiң қатынасы сызықтық үлкейту деп аталады: Ү=Lк /Lн.
Кескiндер кеңiстiгiндегi жарық сәулесiнiң оптикалық оське еңкiштiк бұрышы тангенсiнiң онымен түйiндес нәрселер кеңiстiгiндегi сәуленiң еңкiштiк бұрышының тангенсiнiң қатынасы бұрыштық үлкейту деп аталады:

Негiзгi оптикалық жүйелерде параксиальды сәулелерден өзгеше сәуле шоқтары пайдаланылады, линзаның сыну көрсеткіші түскен сәуленің толқын ұзындығына байланысты, ал жарықтың өзі монохромат емес. Осының салдарынан болатын оптикалық жүйелердегі ауытқулар абберациялар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет