Оның басқа биомедициналық пәндермен байланысы:
Физиологияның заңдылықтары ағзалар мен ұлпалардың макро және
микроскопиялық құрылысына, сондай-ақ жасуша, ұлпа, ағзаларда өтетін
биохимиялық және биофизикалық процестерге негізделген. Физиология
анатомиядан, гистологиядан, цитологиядан, молекулярлы биологиядан,
биохимиядан, биофизикадан және басқа да пәндерден алынған нақты
мәліметтерді синтездеп, оларды организм жайлы бір жүйе іліміне
айналдырады.
7. Тірі организмдердің жалпы қасиеттері.
Организм- ол сыртқы ортамен үнемі байланыста болып, өз тіршілігін қамтамыз ететін жәнеде өздігінен реттеліп отыратын жүйе. Оның бірнеше ерекшеліктері бар.
1.Өздігінен ұйымдастырылу қабілеті- жеке тіршілік процессін сақтау қабілеті. Біріншіден, қайтадан жаңару қасеті. Ол үнемі қоршаған ортамен байланыста болуын, яғни зат,қуат және ақпарат алмасып отыруын қадағалайды. Екіншіден, өзін-өзі реттеу қабілеті. Ол тұрақтаушы, демеуші, тежеуші болып бөлінеді. Күрделі құрылымдар арасында өзін өзі реттеп отыру қабілеті. Үшіншіден, биологиялық жүйенің өз бетімен қайта қалыптасуы. Ол регенерация,адаптация, компенсация Қасиеттері арқылы жүріп отырады.
2.Өздігінен өрбу қабілеті- Түрді сақтау үшін жәнеде генетикалық ақпаратты атадан балаға мұра ретінде жалғастыру қабілеті.
3.Өздігінен даму қабілеті- Бұл қабілетті, жас кезеңдерде, яғни,өсу даму процесстері кезеңінде, осылардың генетикалық бағдарламаға сай екендігінен байқаймыз.
Тірі организмдердің жалпы негізгі қасиеттеріне зат және энергия алмасу,өзін -өзі реттеу,тітіркенгізгіштік,қозғыштық,қозғалыс,көбею,өсу,даму сияқты үрдістерді жатқызамыз.
Зат және энергия алмасу – тірі организмдердің жалпы қасиеті , организмнің өсуін, өмір сүруін, қайта туындауын, қоршаған ортамен үздіксіз байланыста және қарым-қатынаста болуымен сипатталатын тірі организмдердегі жүретін химиялық процесстер. Заттар мен энергия алмасуы 2 үрдістен тұрады.Олар пастикалық және энергетикалық алмасулар.
Ассимиляция – сыртқы ортадан келіп түскен заттардың сіңірілуімен,
жай заттардан күрделірек химиялық қосылыстар түзілуімен,организмде
тірі протоплазманың синтезделуімен сипатталатын өте күрделі процесс.
Диссимиляция – протоплазманың құрамына кіретін белоктық
қосындылардың жойылуы, шіруі, жоғалуы.
Өзіндік реттелу дегеніміз – тіршілік үшін маңызды үрдістерді тұрақты жағдайда сақтау қабілеті.Бұл үдерістер гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия,өзін-өзі реттеу арқылы сақталады.
Тітіркендіргіш – ағзалар мен ұлпалардың белсенділігін өзгертетін
сыртқы және ішкі орта факторлары.
Қозғыштық – жасушалардың сыртқы орта өзгерістерін қабылдап, оған
қозу реакцияларымен жауап қайтару қабілеті.
Қозғалыс - орын ауыстыра алу қасиеті.
Жирылғыштық - тітіркендіруге қысқарып жауап беру.
Өткізгіштік - жасушаның сыртқы қабықшасы арқылы заттарды немесе иондарды өткізу қасиеті.
Сіңіру және жұту - Қоректік заттарды, үстідегі қабаттан сіңіру және пайдалану қасиеті.
Сөлініс - Басқада жасушалардың пайдалана алуы үшін жаңа бір заттарды түзу немесе бөліп шығару.
Экскреция - Қалдық заттар өнімдерін өз беті арқылы сыртқы ортаға шығару.
Көбею - тірі ағзаларға ортақ қасиет,яғни түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.
Даму –организмде өтетін ағзалар,тіндер мен мүшелер жүйесінің сапалық құрамын көрсету.
Өсу- жетіліп келе жатқан организмдердегі құрылым деңгейлерінің мөлшерлік өзгерістері және сол жасушалардың санының дене салмағы мен аумағының артуы.
8. Физиологиялық зерттеулердің әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |