Физиотерпапияның биофизикадағы маңызы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#93177
  1   2   3   4   5

Физиотерпапияның биофизикадағы маңызы

Тексерген:Кулбаеа М.С

Орындағандар : Дуйсенбек А

Думан Д.


Жоспар:
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Физиотерапия жалпы түсінік
  • Қорытынды

Физиотерапия(гректің physіs – φύσις - табиғат және θεραπεία - емдеу) – Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.
Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.
Ең көп әдістер электрмен емдеуге кіреді (электр өңірін, тұрақты, айнымалы, үздіксіз және үзік электр токтарын, айнымалы электмагнитті өңірін қолдануымен бірге әдістер):
1 - амплипульстерапия
2 - диадинамотерапия
3 - гальванизация
4 - дәрілік электрофорез
5 - электростимуляция
6 - флюктуоризация
7 - интерференцтерапия ж.б.
Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын әдістер кіреді. Су және бальнеологияемдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит, балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия, вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді. Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әректтеріне негізделген.
Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды. Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады.
клиникалық медицинаның табиғи (су, ауа, күн сәулесі, күн шұғыласы) және жасанды (электр тогы, сәуле қуаты, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеп, осы факторларды емдеу, аурудан сақтану мақсаттарына қолдану әдістерін іздестіретін бөлімі.
Физиотерапия – ауыр жарақаттан кейінгі, сондай-ақ, әр түрлі органдардың созылмалы аурулары кезінде оңалту кезеңінің ажыратылмас бөлігі, электр тоғы, магниттік сәулелендіру, жылу, ауа, жарық және тағы басқалары сияқты физикалық факторлардың көмегімен әр түрлі ауруларды емдеу әдістерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында тіркелген контингентке, ақылы және келісімшарт негізіндегі пациенттерге, стационарлық та, сондай-ақ, амбулаториялық та науқастарға емшаралар жүргізіледі.
Бөлімше қиыр және таяу шетелде оқудан өткен білікті медициналық персоналмен жасақталған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет