Flash технологиясы



бет7/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9999
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Практикалық жұмыс №6.

Тақырыбы: Мәтін анимациясын жүзеге асыру.

Жаттығулар. Айналатын, жоғарыдан төмен түсетін әріптер және жүгірмелі жол эффектісін жасау.

Мәтін анимациясын жүзеге асыратын төмендегі тапсырмаларды өз бетінше орындаңдар:

1. Жоғарыдан төмен түсетін әріптер эффектісін жасаңдар.

2. Горизонталь жазылған мәтіннің сағат тілі бағытымен 45 градус сайын әр түрлі түспен шеңбер бойымен қозғалу эффектісін (Tween\Motion) жасаңдар.

3. Бірінің астына бірі жазылған “Информатикадан электрондық оқулық” мәтінін солдан оңға және керісінше циклді қозғалтатын эффект жасаңдар.

Әдебиет: қ[1] 30-31 бет.


Практикалық жұмыс №7.

Тақырыбы: Дыбыстық ээфектімен қамтылған фильм жасау.

Жаттығу: Үш қабаттан тұратын фильм жасап, оның 1-қабатына фон суретін қойыңдар. Екінші қабаттың 1-кадрына Media бумасынан бір дыбыстық файл, үшінші қабаттың 10- кадрына екінші дыбыстық файл қойып, пайда болған фильмді орындатыңдар.
Төмендегі әрекеттерді қадамдап орындаңдар:

1) Фильмге 3 қабат алып, 1- қабатта қалауыңша фильм фонын безендіріңдер.

2) Меню қатарынан File\ Import to Library командасын орындату арқылы Windows-тың Media бумасынан notify және tada атты дыбыстық файлдарды фильм кітапханасына қосыңдар.

3) 2- қабаттың 1-кадрына шертіп,оны кілттік кадр етіп, (Insert KeyFrame командасы), Properties терезесінен Sound ашылатын тізімде notify дыбыстық файлын таңдаңдар.

4) 3- қабаттың 10-кадрын кілттік кадр етіп, Sound ашылатын тізімде tada дыбыстық файлын таңда.

5) Фильмді орындатыңдар.


Әдебиет: қ[1] 35-36 бет.
Практикалық жұмыс №8.

Тақырыбы : Символдар библиотекасын қолданып фильм жасау.



Жаттығулар. 1. Планетаны эллипстік орбита бойымен айналатын спутниктің анимациясын жасайық.

Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:

Ролик 4 қабаттан тұрады: 1- Планета, 2- Спутник, 3- Guide: Спутник (спутник орбитасының жетекші қабаты) және 4- Орбита.



1- сурет.

Планетаны эллипстік орбита бойымен айналатын спутник қозғалысы.

Тапсырма. Автомобильдің кез- келген қисық сызықты жол бойымен қозғалысын ұйымдастыратын ролик жасаңдар.(2- сурет.Автомобильдің қисық сызықты қозғалысы.)
Әдебиет: қ[1] 27-28 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет