Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет57/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

68. Шешендік сөздер
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады. Шешендік сөздер тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді:
1. ХІІ – ХІІІ ғасыр – Майқы би, Аяз би.
2. ХІV – ХV ғасыр – Асан қайғы, Жиренше шешен.
3. ХVІ – ХVІІІ ғасыр – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.
Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би – Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар.
Төле бидің даналығы, шешендігі, тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақыл сөздері ел арасына мол тараған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде Ш. Уәлиханов, Ресей ғалымдары А. Левшин, Г. Потанин, Ә. Диваев, кеңес дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев, т.б. ғалымдар, тарихшылар, фольклортанушылар зерттеу жүргізген.
Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би Сырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты.Қазыбек есімі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.
Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық, татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді.
Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен. Мысалы, «Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», «Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме».
Қазақ халқының әйгілі де айбарлы билерінің бірі Әйтеке Бәйбекұлы 1644 – 1700 жылдары өмір сүрген. Әйтеке деген есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты – Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері. Әйтеке би өзінің шешендік сөздері арқылы өмірдің өтпелі екендігін баса көрсеткен.
Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді: 1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау.
1)Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады.
2)Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді.Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген сөзі жатады.
3)Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет