архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін)
аллофон деп атайды.
Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз. Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей беруге
болады. өзі-мізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу,
айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. Сонымен әріп дегеніміз тілдегі дыбысты жазуда белгілейтін графикалық
таңба болып табылады екен. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасын-да табиғи байланыс жоқ. өйткені ол –
шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола
бермейді. Мысалы, қазіргі әліпбиіміздегі е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ- қатаңдықты, ь – жіңішкелікті белгілейді. Қазіргі
қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылғы орыс графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілген.
Әріптің баспахана ісіне бейім-делген баспа түрі және қолмен жазу түрі болады. Әріптің жазба түрін жазу деп атаймыз. Ол
қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңбалар қатарына жатады. Әріпте құ-былмалылық қасиет жоқ, ол
тұрақты, бірақ адамдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады.
Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен,