Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет9/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.
РУССКИЙ Утегенов план
сегментті фонологияның
зерт-теу нысанына жатқызуға болады. Бұдан басқа
суперсегментті фонология
да бар. Қазақ тілінде сингармонизм немесе үндестік заңы суперсегментті бірлік болып
табылады. Сондықтан да син-гармонизм құбылысына қатысты үрдістерді суперсегментті фо-нология зерттейді. Фонология
жалпы, тарихи және салыстыр-малы болып та жіктеледі. Жалпы фонология дүние жүзі тілде-ріне ортақ фонологиялық
құбылыстарды қарастырса, тарихи фо-нология фонемалардың құрамы мен даму жолдарына назар ау-дарады. Салыстырмалы
фонология болса, бір тіл мен екінші тіл-дің арасында кездесетін түрлі фонологиялық өзгешеліктер мен ұқсастықтарды
айқындап, сараптайды. 
Тіл білімінде фонология саласында түрлі ғылыми бағыт-тағы мектептердің болғандығын атап өткен жөн. Атап айтсақ:
орыс фонологиясында – Ленинград немесе Петербор фоноло-гиялық мектебі, өкілдері – Л.В.Щерба, Л.Р.Зиндер, т.б. ,
Мәскеу фонологиялық мектебі, өкілдері – Р.И.Аванесов, А.А.Реформатский, т.б. Қазақ фонологиясында да өзіндік бағыт
ұстанған ғылыми мектептер бар: классикалық фонема мектебі – Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов, т.б.;
сингармо-низм мектебі - Ә.Жүнісбек, М.Жүсіпов, Ж.Әбуов, т.б. Аталған мектеп бағыттарының көзқарасында біршама
маңызды айырма-шылықтар бар екендігін атап кеткен орынды. Мысалы, класси-калық фонема мектебіндегілер қазақ тілінде
екпін бар деген ере-жені негізді деп санайды. Сол сияқты фонологиялық бірлік ре-тінде фонеманы қарастырады. Ал
3


сингармонизм мектебіндегі-лердің пікірі бұларға қарама-қарсы болып келеді. Олардың пікі-рінше, қазақ тілінде екпін жоқ,
сингармонизм заңдарына сәйкес қазақ тілінде фонологиялық бірлік бар, ол буын, оны негізінен алғанда сингема деп атаған
дұрыс.
Фонетиканың қолданбалы бағытта да, жазуды жетілдіріп, икемді ережелер жасауға да тікелей қатысы бар. Дыбыстарды
дұрыс айтып дағдылануға, тілдің мүкістігін жоюға септігін тигі-зеді. Сондықтан да фонетиканың жетістіктері
орфографияда, тіл мәдениеті мен оқыту әдістемесінде, логопедия мен байланыс жүйесінде кеңінен қолданылады. Сөйлеу
мүшелері, дауысты жә-не дауыссыз дыбыстар, буын, сөз просодиясы, интонация фоне-тиканың негізгі құрамды бөліктері
болып табылады.
Фонетика тіл білімінде ғылымның арнаулы бір саласы бола отырып, тілдің лексикасымен де, грамматикасымен де
тығыз байланыста өмір сүреді. Олай болу себебі, фонетикалық құбы-лыстар мен процестер тілдегі сөздерден тыс қаралуы
мүмкін емес, олар сөздердің ішінде өмір сүріп, содан көрініс табады. Ал сөздер грамматикамен тығыз қарым-қатынаста
болғандықтан, омонимдерінен басқалары бір-бірінен дыбыстық айырмашылық-тары арқылы ажыратылады. Әр түрлі
тілдердегі сөздердің ды-быстық жағының ұқсастықтарымен қатар өзіне ғана тән айырым белгілері де кездесуі мүмкін. 
Фонетиканың грамматикамен байланысы морфология жә-не синтаксистен айқын көрініс табады. Морфология
сөздердің өзгеру, түрлену ережелерін белгілей отырып, сөз құрамындағы дыбыстық алмасуларды фонетикалық заңдылықтар
арқылы тү-сіндіреді. Дыбыстардың алмасу құбылысы грамматикалық тәсіл ретінде морфологиялық қызмет атқарған
жағдайда ішкі флексия деп аталатын тәсіл пайда болады. Түбірдің дыбыстық құрамы-ның өзгеруі арқылы грамматикалық
мағынаны білдіру тәсілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет