тіліміздің ды-быстық жүйесін, дыбыстардың сырын дұрыс түсініп, әлгіндей үйлесімсіздікке жол бермеуге болады.
Дыбыстардың пайда бо-лу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматика-лық та құбылыстарға ғылыми түсінік
беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсін-діру, қазіргі жазудың сырын түсіну
қиын. Сондай-ақ фонетика физиология және акустикамен тікелей байланысты. Ол жалпы және жеке фонетика болып екіге
бөлінеді. Жалпы фонетика бүкіл дүние жүзі тілдеріне ортақ дыбыстардың құрамы мен олар-дағы дауысты және дауыссыз
дыбыстар жүйесін жасалым белгілері (тіл алды, тіл арты, еріндік, езулік, т.б.) мен айтылым бел-гілеріне (қатаң, ұяң, үнді)
сәйкес анықтайды. Алынған нәтижелердің негізінде дыбыстардың әмбебап кестелері жасалынып, соған сай тілдерге ортақ
дыбыстық құбылыстардың болу жағдайы түсіндіріледі. Интонацияға қатысты жайттарды да қарасты-рады. Ал жеке
фонетикада белгілі бір тілге ғана тән дыбыстық құбылыстар қарастырылып, ондағы дауысты, дауыссыз дыбыс-тардың саны
анықталады, ұқсас дыбыстардың жасалу орны мен жасалу тәсіліне байланысты жүзеге асатын өзіндік ерекшелікте-ріне баса
назар аударылады. Жеке фонетиканың міндетіне ға-лымдар белгілі бір тілге ғана тән бірегей дыбыстық құбылыс-тарды
сипаттап беруді жатқызады. Фонетика тіліміздегі бірсы-пыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы
туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұ-рыс меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сөздердің
пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың тигізетін әсері зор.
Қазақ ті-лінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық қызметін жетілдіріп, оның ары қарай дамуына
дұрыс бағыт-бағ-дар беруге болады. Зерттеу және сипаттау тәсілдерінің түрлері-не қарай фонетика
Достарыңызбен бөлісу: