Дәріс: Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы.
1.Буржуазиялық революциялар. Буржуазиялық мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
2. Англиядағы буржуазиялық революция және буржуазиялық мемлекет пен құқықтың қалыптасуы.
3.Конституциялық монархияның орнауы мен дамуы. Мемлекеттік құрылыстың өзгеруі.
4.XIX-XX ғғ. Ұлыбританиядағы саяси жүйенің дамуы.
5.Англияның буржуазиялық құқығы.
Қоғамдық даму бір орында тұрмайтын өзгерістерге толы процесс. Экономикалық-әлеуметтік қатынастардың дамуымен бірге оларға негізделетін саяси-құқықтық қатынастар да өзгеріске ұшырайды. Феодалдық қатынастармен сипатталатын ортағасырлардың орнына қоғамның жаңа даму сатысы –буржуазиялық шаруашылыққа негізделген жаңа заман келді.Жаңа заман дәуірі қазіргі мемлекет пен құқық тарихының бастауы ретінде қарастырылады. Батыс Европада ол XVII ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды және 1640 жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясынан басталып, Бірінші дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Шығыс мемлекеттерінде Жаңа заман тарихы айтарлықтай кешігіп басталды. Жапонияда – 1867 ж. Мэйдзи революциясынан, ал Қытайда – 1911 ж. Синьхай революциясынан. Бірақта Жаңа заман тарихының басты ерекшелігі Батыстың басқа әлеммен кездесуі және үстемдігінің орнауы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |