В БӨЛІМІ Пән силлабусы
|
7.
|
Пән туралы егжей-тегжейлі ақпарат
|
7.1
|
Академиялық жыл: 4
|
7.3
|
Кесте (өткізілетін күндер мен уақыты):
Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес
|
Курс: 1
|
7.2
|
Семестр: 1
|
7.4
|
Орналасуы (корпус, аудитория):
Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес
|
8.
|
Пән оқытушысы (лары) туралы мәлімет
|
Лауазымы
|
ТАӘ
|
Аудитория
|
Байланыс туралы ақпарат
|
Жұмыс уақыты / БОӨЖ және БӨЖ
(кесте бойынша)
|
Пән оқытушысы
(профессор, доцент и т.д.)
|
Мырзатаев Н.Д., PhD докторы, доцент м.а.
|
|
8-777-236-49-43
Myrzatayev.muxamed @yandex.ru
|
|
9
|
Пәннің мазмұны
|
Оқыту
|
Тақырыптар мен тапсырмалар
|
Сағат
саны
|
Оқу
әдістері
|
Оқыту әдістері
|
1-апта
|
Дәріс: Сабақ тақырыбы. №1 тақырып: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылым ретінде, оның пәні және методологиясы
Жоспар:
1 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының түсінігі және пәні, оның маңызы.
2 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының методологиясы және тарихнамасы.
3 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының заңи ғылымдар жүйесіндегі орны және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.
Адам өзін қоршаған өмірді тануда ғылымға жүгінеді. Сол себепті ғылым адам жүзеге асыратын қызметтердің бір түрі ретінде үлкен маңызға ие болады. Ғылым шындықтың теоретикалық көрінісі болып табылады, яғни, ақиқатты анықтап тануға бағытталады. Ол объективті әлем туралы, табиғат пен қоғам құбылыстары туралы жалпыланған түсініктердізерттеп қалыптастырады. Оның функциясы – объективті мәліметтерді жинақтап, оларды жүйелеу.
Әрбір ғылымның өзіндік зерттейтін пәні, яғни, зерттейтін құбылыстардың жиынтығы болады. Басқа ғылымдар сияқты шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының да өзіне ғана тиісті зерттеу пәні болады. Ғылымның зерттейтін пәні оның сипатын, мағынасын анықтайды. Сондықтан шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының мән-мазмұнын анықтау үшін оның пәнін айқындау қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекет неліктен пайда болды?
2. Құқық неліктен пайда болды?
3. Мемлекет пен құқықтың арасындағы байланыс неден тұрады?
|
1
|
Осы тақырып бойынша студенттер реферат жұмыстарын дайындауы қажет.
|
Соңғы дерек көздері бойынша қосымша сұрақтармен жұмыс жасалынуы тиіс.
|
Семинар (практика) сабағының тақырыбы: 1.1. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы
1. Мемлекет неліктен пайда болдды?
2. Құқық неліктен пайда болды?
3. Мемлекет пен құқытың арасындағы байланыс неден тұрады?
4.Мемлекеттің пайда болу дәуірі неше кезеңдерден тұрады?
|
2
|
Тестпен жұмыс жасау
|
Сұрақтарға жауап беру
|
Лаборат. / студиялық сабақ тақырыбы:
|
|
|
|
БӨЖ тапсырмасы: 1.1. Заң ғылымдар жүйесінде шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні. БӨЖ тапсыру мерзімі. 1-2 -апта.
|
7
|
|
|
2-апта
|
Дәріс: № 2 тақырып: Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуы. Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.
Жоспар:
1 Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуының ерекшелігі.
2 Ежелгі Египет мемлекеті.
3 Ежелгі Египеттің құқығы.
Адамзат тарихында мемлекет пен құқықтың пайда болуы ұзақ уақытқа созылған, күрделі, кешенді процес болды. Б.э.д. IV-I мыңжылдықтарда Таяу Шығыста, кейін Солтүстік Үндістан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияда алғашқы мемлекеттер құрылды. Олардың құрылуы мен дамуының кезеңдері:
-Номдық мемлекеттер кезеңі, яғни, рулық, тайпалық қатынастардан енді босап жатқан қауымдардың әкімшілік-шаруашылық бірлестіктері – номдардың құрылу кезеңі. Номдарға мемлекеттің кейбір белгілері тән болғанымен, оларды жеке мемлекеттер деп айта алмаймыз;
-Мемлекеттік орталықтану кезеңі, яғни, орталық басқару органдарының, сот жүйесінің, әскердің, қаржы органдарының пайда болуына байланысты біртұтас орталықтанған мемлекеттердің құрылу кезеңі.Аталмыш кезеңде аумақ, халық, мемлекеттік аппарат және салық жүйесі сияқты мемлекеттің міндетті белгілері қалыптасты. Сонымен бірге, мемлекетке дейінгі кезеңде негізгі қоғамдық реттеуші болған әлеуметтік нормалардың негізінде құқық пайда бола бастады;
-Империя-мемлекеттердің кезеңі, яғни, үлкен аумақты қамтитын, билігі бір адамның қолында шоғырланған империялардың пайда болу кезеңі. Осы кезеңде қайым билігі әлсәреп, олар орталық билікке қатысты тәуелсіздігінен айрылды. Қауымдық бөліністің орнын аумақтық бөлініс жүйесі басты.
|