Формативті бағалау үшін не қажет?
- Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалыппен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
- Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
- Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз- өзін бағалау және бірін- бірі бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
- Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Формативті бағалау оқушының сабақтағы іс-әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігін, өз ойын еркін білдіре алуы, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы (топтық, жұптық), өз әріптесін тыңдап, оған баға бере алуы. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге аспайды. Сабақ барысында формативті бағалаудың мынадай түрлерін қолданған тиімді:
Достарыңызбен бөлісу: |