Формирование профессиональных умений и навыков


Мектептегі технология пәнінде жаңа әдістерді қолдану



бет22/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
статьялар

Мектептегі технология пәнінде жаңа әдістерді қолдану

Сманова А.С. – оқытушы, Нүрсейітова Р. – студент (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдына қоятын мақсаттар мен міндеттерге өте жауапкершілікпен қарауды талап етуде. Оқушыға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екенін сезінуі қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімнің өзі білімді, білікті, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет. Сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа технологияларды қолданып, түрлендіре өткізу пәннің маңыздылығын арттырады.


Қазіргі заманғы, ғылыми-технологиялық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Ол өз жұмысын орнында және бүкілтехникалық тізбекте технологиялық үздіксіз өзгерістерге бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, мұғалімдердің Республикалық II-құрылтайында елбасының Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп жас бағбандардың алдына зор міндет қойды. Білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиясын ұсынылуда. Олар: ойынды оқыту технологиясы, сынып ішінде саралап оқыту технологиясы т.б.
Мектептегі білім стандартын басшылыққа ала отырып, технология пәнінің сапасын арттыру мақсатында жаңашыл технологиялардың көптеген элементтерін кеңінен қолдану керек. Біз өз зерттеуіміздегі технология пәнін маңыздылығын арттыру үшін сабақ өткізудегі қазіргі жаңа технологиялардың бірнеше түрлерін қарап, ұсынып отырмыз. Қазіргі «Технология» кешегі «Еңбек» пәні екенін ескеріп, оқушылардың осы пәнге деген көзқарастарының бұрынғыданда жауапкершілік пен қызығушылықтарын арттыру мен жетілдіру мақсатымен қарастырылып отыр. Технология пәнінде оқушылар ой еңбегімен қатар қол еңбегімен айналысады. Осыған орай үйренуші оқушының шыдамдылығы мен іскерлігін, жауапкершілігі мен қызығушылық іс-әрекеттерін қатар қалыптастыру үшін сабақты өз деңгейінде қызықты өткізудің маңызы зор болмақ. Технология пәні тәжрибелік сабақ түрінде өткізілетін болғандықтан, мұндағы теориялық білім мен тәжрибелік білімді қатар дамытудың мәселесі қозғалады. Әр оқушы өзінше бір тұлға екенін ескеріп, жан-жақты әдістерді қолданамыз. Оқушыға еңбек етуге сынып ішінде жақсы атмосфераны қалыптастыру, оқушыға өз қиялы мен ойына ерік беріп, шығармашылық қабілетін жетілдіруге мүмкіндіктер жасау, өз жұмысының сапасына жауапкершілігін қалыптастыру және т.б. педагогикалық тәрбиелерді қолдану мәселелерін дұрыс қалыптастырып, ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушыларға жүйелі білім беру болып табылады. Осыған орай жаңа технологиялардың бірнеше түрін жіктеп көрелік.
Модульдік технология:
Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдана отырып, орта сыныптарға арналған оқу модельдеріне ұсынылған (технология пәнінде).


Модульдік құрылым




Кіріспе бөлім Қорытынды бөлім
Сұхбат бөлім
Кіріспе бөлімінде технологиялық карта, сызба, үлгі-шаблон, суреттер, дайын бұйым үлгілерін қолдана отырып белдемше туралы толық түсінік береміз, белдемше тігудің технологиялық жүйесіне тоқталып өтеміз. Шығармашылық жобаның тақырыбын, мақсатын, орындалу ретін түсіндіреміз.
Сұхбат бөлімінде оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Мұнда оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауды үйрету арқылы еңбекке тәрбиелейміз. Дүниеге келген сәбидің адам болып, жеке тұлға ретінде дамуына себепкер – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі адам өмірі үшін ең қажет маңызды тәрбие. Сондықтан оқушы өміріне қажет тәрбиені осы технология пәнінде өз бетімен жұмыс жасату арқылы жетілдіру. Мұнда тек еңбек тәрбиесі ғана емес басқа да дене тәрбиесі, адамгершілік, жауапкершілік, үнемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастырамыз.
Қорытынды бөлімінде оқушылардың теориялық білімін тексеру мақсатында тест аламыз және әрбір оқушы өз жобасын баяндап қорғап шығады. Соңында оқушылар жасаған жұмыстарына көрмені жалпы ұйымдастырамыз. Оқушыларға өз жұмыстарына көзқарастары мен өз жұмыстарына талдау жасатып үйрету болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы:
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін бірнеше пәнде қолданып жүр. Осы әдісті технология пәнінде пайдалану тиімді нәтижелер беретіні анық. Ол әдіс – 4 деңгейден тұрады:
I деңгей- 4 сұрақ х 2 ұпай = 8 ұпай;
II-деңгей-3 сұрақ х 3 ұпай = 9;
III-деңгей-2 сұрақ х 5 ұпай =10 ұпай;
IV-деңгей- 1 сұрақ х 10 ұпай = 10 ұпай.
Мониторинг қолдануға болады. Ол жастардың оқу үлгерімін жоғарылатады.
Ж.А. Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын – технология пәнін шығармашылық деңгеймен ерекше орын алатынын ескерсек, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы осы пән үшін өте тиімді деп айтар едік. Тиімділігі:

  • жұмыс қорытындысы тез және уақытында шығады;

  • уақытты тиімді пайдалану жинақылыққа үйретеді;

  • баланың сеніміне не болуы оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі бағалауды үйретеді.

әдебиеттер


1. Технология журналы. №3, 2005.
2. Технология журналы. №7, 8, 12, 2004.


Түйіндеме
Мақалада технология пәнінде жаңа әдістерді қолдануға ұсыныстар мен талдаулар жасалып, сабақ берудің әдістерін қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.

Резюме
В статье говорится о необходимости использования новых методик на уроках технологии.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет