ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен



бет17/21
Дата06.11.2022
өлшемі1,24 Mb.
#156716
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ô?Ò ìàìàíäû?û áîéûíøà Ôèçèîëîãèÿ àíàòîìèÿ íåã³çäåð³ìåí ï?í³íåí

Плевралық қуыс қысымы
Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қа-бырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын «И» тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысьш сырттағы ауа кысымынан төмен болады, сондықтан онымен жал-ғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфсра-лык ауамен жалғасқан сынап бағанасы темен түседі. плевралык қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болады. Демек, плев-ралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс терең-деген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі. Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни дем алуды жеңілдетеді, венадағы қанның журекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді-ллевра жапырақшалары аралығындағы кысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кенейіп қанды жүрекке қарай тартады.

Плевра жапырақшалары аралығында әдетте газ (ауа) бол-.майды. Плевралық қуысқа аздап болса да ауа кіре қалса ол 'бір-тіндеп канға сіңеді. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс пен аталады. Оған ауа көп кірсе тыныс тарылады. Пневмото-ракс висцеральдық немесе париетальдық плевра жарақаттан-ғанда болады. Кейде науқасты емдеу мақсатымен де, қолдан пневмоторакс жасалады (плевра қуысы жартылай немесе бір жағынан ауаға толтырылады).


29.Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы.

Тыныс алу физиологиясы дене тіндерін оттегімен және көмірқышқыл газымен қамтамасыз ететін процестерді зерттейді. Тынысалу механизмі болмаса адам өмір сұре алмайды. Ең маңызды қызметі осы болып табылады. Ауадан организм үздіксіз оттегіні алып керісінше көмірқышқыл газын шығарып отыруы тиіс. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу процесі жүреді.


Тынысалу бес кезеңге бөлінеді:
1) сыртқы тынысалу;
2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасындағы газ алмасу;
Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3) газдардың қанмен алмасуы;
Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүшелер арасындағы газ алмасу немесе ішкі тынысалу;
Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
5) Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.
Сыртқы тынысалу дегеніміз газдардың ауадан өкпеге өтуі. Яғни, демшығару механизмі. Сыртқы тынысалу екі кезеңнен тұрады: демалу және демшығару.Адам тыныс алған кезде , демін ішке тартқан кезде, инспирация , яғни демалу еттері жиырылады да көкірек қуысы кеңейеді. Ішкі қабырғааралық еттер иырылған кезде көкет , көкірек қуысы тарылады. Бұл экспирация , демшығарған кезде болады. Өкпе сыртынан висцеральдық және париетальдық екі қабатпен қапталған. Тыныс алу қозғалысын реттеуді тыныс алу орталығы жүзеге асырады, ол орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан жүйке жасушаларының жиынтығымен ұсынылған. Тыныс алу орталығының негізгі бөлігі сопақша мида орналасқан. Оның белсенділігі қандағы көмірқышқыл газының концентрациясына және әртүрлі ішкі органдар мен терінің рецепторларынан келетін жүйке импульстарына байланысты. Тыныс орталығы орталықтан тебетін нерв талшықтары арқылы жұлынның мотонейрондарымен байланысады. Жұлынның көкірек бөлігінің вентральды мүйізінде қабырғааралық еттердің, ал мойын бөлігінің 3-4 омыртқа деңгейінде көкеттің қызметін реттейтін нейрондар орналасады. Танау еттерінің жиырылуын реттейтін нерв талшықтары беттік нерв құрамында, көмекей еттерінің қызметін реттейтін талшықтар – нерв құрамында өтеді. Сондықтан жұлынды мойын мен көкірек бөліктерінің арасын қиса, қабырғааралық еттердің жиырылуы тоқтап қалады да, көкеттің қызметі жалғаса береді. Өкпеге келетін нерв қиылса, тыныс алу процесі тоқтамайды, бірақ ол терендеп сирейді ,орталыққа өкпенің механорецепторларынан қозу толқыны келмей қалады. Ал мойынның екі жағында орналасқан симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіргенде тыныс жиілейді. Осыған байланысты әр түрлі сезім процесі тыныс ырғағын өзгертетін факторлар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет