меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)
5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36
артерия қанында – 7,42
Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті.
3. Қанның негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштері, оларды сақтау механизмі.
Қанды сипаттайтын негізгі физиологиялық түрақты көрсеткіштері:
1.Қан мөлшері
2.Қанның меншікті тығыздылығы
3.Қанның түтқырлығы
4.Гемотокриттік сан
Үлкен адамдарда қан мөлшері дене салмағының 7%-ін қүрайды, ол деген 4,5 л қан. Жаңа туылған сәбилерде қан мөлшері 10% бен 20% арасында ауытқып түрады.
Қанның тығыздылығы шамамен 1,050-1,064гмл, плазмада 1,024-1,030 гмл, жасушада 1,089-1097 гмл.
Қанның тұтқырлығы судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық, плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2. Жаңа туған нәрестенің тұтқырлығы 10,0-14,8 болады, себебі оның денесінен көп мөлшерде су шығады, содан қан қойылып, эритроциттер саны көбейеді. Бірақ та 5-6 күннен кейін 8,6-8,8 ге дейін төмендеп, бір айдан кейін қалыпты жағдайға келеді. Ал қалыпты жағдайда ересек адамның қан тұтқырлығы 4,6-5.
Гемотокриттік сан-бұл қанның формалық элементі.ол 40-45% құрайды.
Қанның осмостық қысымы 7,8-8,1 атмосфера аралығында болады. Осмостық қысым тұрақтылығын сақтауда бөліп шығару:бүйрек, тер бездері, ішек қарын жолдары мүшелері маңызды рөл атқарады.
Қан реакциясы сутегі мен гидроксил ионының арақатынасына байланысты. Қан реакциясы сілтілі,вена мен артерия қанында әртүрлі.Қан корсеткіші-PH. Вена қаны көрсеткіші 7,35-7,36 , себебі венада көмір қышқыл көбірек, ал артерия көрсеткіші 7,4-7,42.
Достарыңызбен бөлісу: |