ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен


Оттегінің қан арқылы тасымалдануы. Қанның оттегіне сыйымдылығы



бет28/29
Дата29.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#137195
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
рубежка физио

33. Оттегінің қан арқылы тасымалдануы. Қанның оттегіне сыйымдылығы.
Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобинтүрінде тасымалданады. Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы
меншікті қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі.
Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түтелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. Гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның оттегіне каныгу сыйымдылыгы деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180-200 мл. Мұны қандағы гемоглобин мөлшеріне қарап есептеп білуге болады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттег-імен әрекеттесетіні белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы санды 1,34-ке көбейтіп, қанда қанша оттегі бар екенін анықтауға болады, ол 140,0x1,34=187,6 мл/л тең.
Оксигемоглобиннің ыдырауы (диссоциациясы).Қан айналысының үлкен шеңбері капиллярларында оксигемоглобин ыдырап, оттегін бөліп шығарады. Бөлініп шыққан оттегі сол арадағы тінге өтеді. Оксигемоглобиннің түзілуі мен ыдырауы қандағы оттегінің кернеу
(меншікті) күшіне байланысты. Оксигемоглобин ыдырауын қисық сызықпен көрсетуге болады. Гемоглобин сүйықтығындағы оттегінің кернеу күшін (қысымын) біртіндеп жоғарылата отырып, сынап бағанасы бойынша 40 мм-ге жеткізсе, гемоглобиннің 75%-і, ал 60 мм-ге жеткізсе, 90%-і оксигемоглобинге айналады. Оттегінің кернеу күшін одан да жоғары, айталық 100 мм-ге дейін көтерсе, оның мөлшері небәрі 10% өседі. Оттегінің кернеу күшіне байланысты оксигемоглобиннің мөлшерін көрсететін сызықты оксигемоглобиннің ыдырау сызыгы дейді.
Оттегінің кернеу күшінің жоғарылап төмендеуі мен оксигемоглобиннің түзілуін немесе ыдырауын көрсететін сызық түзу емес латынша S әріпіне ұқсайды
Қисық сызыққа қарап оттегінің кернеу күші мен оксигемоглобин түзілуінің арақатынасына әртүрлі факторлар әсерін байкауға, сөйтіп олардың биологиялық мәні туралы тиісті қорытынды жасауға болады. Белгілі бір тін капиллярларында оттегінің кернеу күші с. б. б. 70 мм-ге дейін төмендесе, оксигемоглобин өте тез ыдырайды да оттегінің сол тінге сіңу дәрежесі артады. Демек, тін капиллярларына оттегінің тінге өтуіне қажетті жағдай туады. Мысалы, адам оттегінің меншікті қысымы төмендеген жағдайға душар болса, айталық 2000 м биіктікке көтерілсе, оттегінің меншікті қысымы альвеолалық ауада с. б. б. 70 мм-ге дейін төмендеуі мүмкін. Мүндай жағдайда қанда оксигемоглобин мөлшері 93%-дан аспайды, яғни әдеттегіден 3% қана кемиді. Мүның себебі оксигемоглобиннің ыдырауы жеделдей түседі. Оттегінің нақты бір тінге сіңу дәрежесі де артады. Осыған орай тіннің оттегімен қамтамасыз етілуі айтарлықтай кемімейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет