Франчайзинг «franchize» деген сөзінен шыққан, аударғанда жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді



Дата06.02.2022
өлшемі383,94 Kb.
#81301
Байланысты:
5.Франчайзинг.Слайд


Франчайзинг
Франчайзинг — « franchize» деген сөзінен шыққан, аударғанда жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді.
Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті береді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік алады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін- франчайзингілік лицензия деп атайды.
Мысалы, франчайзингілік жүйені:
«Макдональдс», «KFC», «BURGER KING» немесе «Дока-пицца» (Ресей), «Coco Cola» (АҚШ) және көптеген фирмалардың қол жеткізген оң нәтижелі еңбектерін ауызға тиек қылып айтуға болады. Білімнің, тәжірибенің, қаржылық қорлардың және сақтандыру жүйелерінің деңгейінің төмен болуына қарамай Қазақстанда франчайзингтің тәжірибесін қолдануға тырысатын кәсіпкерлер саны көптеп табылады
Сондықтан франчайзинг Қазақстанда тек бөлек фирмалар қолданып, басқалармен өз тәжірибесін қолдануға дайын емес. Сонымен қатар франчайзинг заңдылық базасын және лицензиялауды қажет етеді. Республикада осы жаңа дүниелерді үйрету үшін рұқсат алуға мүмкіншілік жоқ. Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.
Франчайзинг ұғымы жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі.
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1.Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.
2.Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технологияны пайдаланып, тауардың маркалық атауын пайдалану- өндірістік франчайзинг деп аталады
3.Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсетуге болатын мүмкіншілікті пайдалану- іскерлік франчайзинг деп аталады.
В. Довгань «Бизнес жолын кеңейтуші- франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында: фирмалардың жартысы франчайзингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр болады, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып табылалады.
АҚШ-та статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептерімен жабылғандар. Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтату.т.б.
Халықаралық франчайзингілік асоциация өз мүшелері арасында банкроттарды аз мөлшерде тіркейді. Жапониядағы фрначайзнгтің қалыптасуы және даму үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.
Франчайзинг біздің көзқарасым бойынша,Қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын ,тауар мен қызметтерді үйлестіруде және маркетингтің бірегей жүйесі.Франчайзингтің артықшылығы – олардың әріптестер республикасы , тәжірибесі және қалыптасқан жеткіліктілігі,франчайзер және франчайзи,бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктер бойынша бизнесте инвестиция жасап,пайда табады. Осы тұрғыдан алғанда,Франчайзинг бизнесті жүргізудің ең прогрессивті түрі болып табылады. 
Қорытынды
Жаңа ғана дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы үшін кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда кәсіпкерлікті дамыту үшін оның жеңіл жолдарын карастырғанымыз жөн. Кәсіпкерлікті енді ғана ашып келе жатқан кәсіпкерлер қаржы жағынан қысым көреді, ал франчайзингті осы мәселені шешудің құралы ретінде қарастыруға болады.
Орындаған Шт -25 студенті
Сагындыкова Аида
Сапиева Айханым
Каскабаева Малика
Кусаинова Малика
Айтказин Рахат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет