19
Бұл әдіс арқылы оқушы ойланады, математикалық терминдерді біле
алады.
«Су
-
ли
-
фо» әдісі.
Қолданылуы
:
Оқушылар жұпқа бөлінеді, белгілі уақыт беріледі. «Су
-
ли
-
фо» дегенде екі
бала бірдей уақытта саусақтарын көрсетеді. Жұптағы қай бала саусақтардың
қосындысын бірінші тез айтса соған бір ұпай қосылады. Мысалы: 4
(саусақ)
+ 2
(саусақ)=6. Жүздіктер мен мыңдықтармен танысқаннан кейін әр саусақты
жүздік, мыңдық деп қосады. Мыс: 100+400;
Көбейту кестесіне түскен кезде қосудың орнына саусақ сандарын
көбейтеді.[5]
«Өзіңді тексер» әдісі
Бұл мәлімет АҚИҚАТ па немесе
ЖАЛҒАН ба?
Өткен
тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы оқушыларға немесе
бір
-
біріне сұрақ қоя отырып «АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН» деп жауап береді.
Мыс: 10 саны 3
-
ке қалдықсыз бөлінеді
120 саны 60
-
тан екі есе артық
Кез
-
келген төртбұрыштың 3 төбесі бар
Тонна
-
ұзындық өлшем бірлігі
«Сөзілгек» әдісі
Интербелсенді тақтадан бір формула көрсетіледі, бірнеше секундтан
кейін жабылады. Ал оқушылар есте сақтағанын қағазға жазады. Сол формула
тақтада қайта көрсетіліп, білім алушылар қателерін түзетеді. Бұл оқушылардың
есте сақтау қабілетін қалыптастырады.
«Граф арқылы дәлелдеу» әдісі.(логика, мүмкіндіктер тармағы)
Дүйсенбі күнгі сабақ кестесін құру кезінде үш мұғалім мынадай өтініш айтты:
1.
Математика не бірінші не екінші
2.
Тарих не бірінші не үшінші
3.
Әдебиет не екінші не үшінші болсын.
Қанша
тәсілмен мұғалім өтінішін орындауға болады?
Ол үшін математика, тарих, әдебиеттің бас әріптерін бір жиын,
сабақтардың 1,2,3 деген ретінен екінші жиын құруға болады. Мұғалімдердің
өтініштеріне қарай екі түрлі жағдайды қарастырамыз
Достарыңызбен бөлісу: