Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 14
Желтоқсан – қыстың алғашқы айы. «Жел» және «тоқсан» деген түскі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады.
1. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?
А) үш ай желді және боранды болады
В) күн қысқарады
С) сөздердің бірігуі арқылы жасалған
D) үш ай желсіз, борансыз болады.
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 15
Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерін зерттеген. Су барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігердердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен ..., кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |