221
Гүлзардың
формасы
Гүлзардың шекарасын белгілеу үшін
сымдар жеткілікті бола ма?
А формасы
Иә/Жоқ
В формасы
Иә/Жоқ
С формасы
Иә/Жоқ
D формасы
Иә/Жоқ
Тапсырма №2 «Сиқырлы фигуралар»
Суретте қанша үшбұрыштар мен төртбұрыштар бар? Бір үшбұрыштың ауданы 10 см кв.
А. Таблицаны толтыр:
Үшбұрыштардың саны
Төртбұрыштардың саны
Ә. Берілген фигураның ауданын тап.
Б. Кіші шаршының қабырғасын тап.
В. Суретте кескінделген фигураның периметрін тап.
Міне, осындай тапсырмаларды әрбір сабақта қолданып отырса, оқушылардың бойында
өмірге деген, мамандық таңдауға деген бейімі қалыптасады.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол
заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына
жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру
үшін мынадай жұмыстарды жүргізуіміз керек:
сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы
бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс
жасауды күшейту;
сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты
емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны
практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;
мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту
стратегияларын пайдалануды үйрету.
Функционалды сауатты тұлға-бұл, әлемнің қолданыстағы заңнамасына орай,қоғамдық
құндылықтармен күтілетін мүмкіндіктер және қызығушылықтарына сай әрекет ете алатын тұлға.
Функционалды сауатты тұлғаның негізгі қасиеттері: дербес, танымдық қасиеттерге ие және кез
келген жағдайдан шығуға икемді болады.
Достарыңызбен бөлісу: