Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы 27.12. 2019 жыл /№988/
2.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық әсілдері.
Астана 2015 жыл
3.
Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы.
73
Абраимова М.Б.
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім
беретін орта мектебі»
ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Функционалдық сауаттылықты дамыту- заман талабы. Функционалды сауаттылық ұғымын
күнделікті өмірде халықтың бір бөлігінің білмеуінен байқаймыз, адамдардың функционалды
сауатсыздығы өмір сүру ортасының өзгерісі және мамандығын өзгерткен кезде ,сонымен бірге
банкоматтармен, ұялы телефонмен қолдануда, тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні
толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмауынан көрінген. Осыған орай, білім
мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Функционалдық сауаттылықты
дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны
баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың
жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Функционалдық сауаттылық-
адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез
бейімделе алуының көрсеткіші. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай
үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,
оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен
қамтамасыз ету үшін мұғалімге алдымен оқушының функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті
құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды болып отыр. Ұстаз шәкіртінің жеке дамуын
қамтамасыз етуде үнемі ізденісте болу қажеттілігі айқын көрінеді. Оқу орынды бітіріп шыққан
түлек өзіне сенімді, білімді өздігінен алатын, өз елінің патриоты болатын, коммуникабелді болуы
тиіс. Сондықтан қоғам әрдайым мұғалімдерге жоғары талаптар қояды, сол талаптардың бірі –
бүгінгі педагогтар қауымының алдында оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру, рухани
өсуіне жағдай жасау.Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып
сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынында өз жолын адаспай табады, азамат болып
қалыптасады. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Ал, оқушылардың бойында табиғи-ғылыми сауаттылықты дамытуда жаратылыстану пәні
циклдерінің орны зор. Табиғи-ғылыми сауаттылық ретінде оқушылардың табиғи-ғылыми білімдерді
табиғи-ғылыми проблематикаға қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды
анықтап тану және қою үшін, жаңа білімдерді меңгеру үшін, құбылыстарды түсіндіру және
тұжырымдарды қалыптастыру үшін меңгеру және қолдану қабілеттері түсініледі. Осы пәндердің
негізінде оқушылар жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адамдық танымның формасы ретінде
түсінулері керек.
География сабағы оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есінде сақтау,
ойлау қабілетін, тіл байлығын, ой өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және табиғат құбылыстарын
жете бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді. Бұл әр сабаққа немесе сабақтан тыс жұмыстарға
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал ететін тапсырмалар енгізілуі керек, бұл жеке және
мектеп өміріне, жергілікті қоғамға, қоғамдық өмірге, жұмысқа және демалуға байланысты әртүрлі
жағдайларда мәтіндермен жұмысты қолдануға мүмкіндік береді.
Мәтінмен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру – жалпы білім берудің маңызды міндеті.
Өйткені, мәтін-бұл кез-келген кәсіптің адамы өмір бойы міндетті түрде қолданатын ақпарат көзі.
Бүгінгі таңда география сабағында кездесетін мәселелердің біріорташа оқушы оқуды қаламайды
және талдай алмайды. Емтихан тапсыру кезінде оқушылар тапсырмалар мен оларға арналған
нұсқауларды мұқият оқымайды және осыған байланысты тапсырмалар дұрыс орындалмайды.
Сондықтан сабақта мәтінмен жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет. Оқытудың негізгі
74
құралдарының бірі-оқулық. Сондықтан мұғалімнің маңызды міндеті -оқулық мәтінімен жұмыс
істеуді ұйымдастыру.
Ғылыми әдебиеттерді оқудың мәні-біз өмір сүріп жатқан әлемді түсіну. География курсында
негізінен баяндау мәтіні қолданылады. Оның ақпараты географиялық объектілерге, құбылыстар мен
процестерге, олардың қасиеттеріне жатады. Мәтін мазмұнына және коммуникативті қажеттіліктерге
байланысты:
1.Іздеп-қарап оқудың нәтижесінде оқырман мәтіннің мазмұндық-мағыналық жоспары туралы және
не туралы жазылғандығы туралы түсінік алады. Табиғи қарым-қатынас процесінде оқудың бұл түрі
маңызды рөл атқарады: ақпараттың көлемді бөлігінен қажетті нәрсені таңдап, түртіп алады. Іздеу
арқылы оқуды келесі тапсырмалар арқылы тексеру:
негізгі фактілерді тізімдеу; ең маңызды ақпараттарға сұрақтар қою;
барлық мәтінге немесе оның фрагментіне бағалау жасау;
ұқсас тақырыптағы екі мәтінді салыстыру.
2. Танысып оқу, мақсаты негізгі ақпаратты алу болып табылады. Бұған байланысты келесі
тапсырмаларды беруге болады: тақырып пен көрнекіліктер бойынша мазмұнды болжау;негізгі
ақпаратқа қойылатын сұрақтар және оларға жауап беру; мәтін мазмұнына сәйкес келетін
тақырыпты таңдау.
3. Зерттеу немесе мағыналық оқу. Бұл мұқият оқу, мәтінді талдау арқылы мағынасына ену, әдетте
белгілі бір дәрежеде кішігірім мәтіндерді оқу, өйткені оның басты мақсаты мәтін мазмұнын
мүмкіндігінше дәл және толық түсіну, барлық мәліметтерді есте сақтап қалу.
Мағынаны түсініп оқу- оқушы мәтіннің негізгі ойын бөле алатын, нысандар арасындағы
байланысты анықтай алу болып табылады. Яғни, оқушы жаңа материалдың өз тірек-жазбасын
жасайды және өзара бір -біріне түсіндіреді.
Оқушылар тақырып бойынша негізгі мәліметтерді игерген кезде, «Сұрақты сөздер»
стратегиясын қолдануға болады, яғни материал негізінде базалық ұғымдарды қайта құра алады,бұл
олардың қызығушылықтарын туғызады.
Сыни ойлау технологиясындағы "қалың және нәзік сұрақтарды" жұпта немесе топта өзара
сұрақ қоюды ұйымдастыру үшін немесе оқылатын тақырып бойынша әңгіме бастау үшін, жай ғана
"Берілген тақырыпта сізді не қызықтырады?" деп сұрап бастауға болады.
Мысалы, тақырыпты зерттегеннен кейін оқушыларға өткен материалға қатысты үш "нәзік"
және үш "қалың" сұрақтар қоюды ұсынамын. Содан кейін-олар "қалың және нәзік сұрақтар"
кестелерін қолдана отырып, бір-бірімен сұхбаттасады.
Алынған білімді жүйелеу, жалпылау үшін "Төлқұжат жасау" әдісін қолданылады, яғни
маңызды және маңызды емес белгілерді анықтау үшін ұғымының қысқаша сипаттамасын жасау,оны
басқа ұқсас ұғымдармен салыстыру.
Оқушылардың сабақта өз бетінше мәтінмен жұмыс істеу дағдысын дамыту мақсатында
оқылған мәтін негізінде кесте құру тапсырмасын беруге болады, мысалы," Тау жыныстарының
түрлері", "Материктің табиғи аймақтары", "Климаттық белдеулер" немесе "Жер бедері",
"Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы", "Отын-энергетикалық кешен" деген мәтіндерді оқу негізінде
схема жасау, яғни мәтінге схемалық сурет салу.
Статистикалық материалдарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін,
географиялық фактілер мен құбылыстарды бағалаудағы дербестікті дамытады, оқушыларды
ғылыми таным тәсілдерімен – бақылаумен, талдаумен, қорытындылаумен таныстырады, сонымен
қатар негізделген қорытындылар мен ақыл-ойға қонымды бола отырып, оқушыларды табиғи және
қоғамдық құбылыстарды зерттеудің ғылыми принциптерімен қаруландырады. Практикалық
жұмыстарды орындау барысында карталармен, диаграмма, статистикалық мәліметтермен жұмыс
жүргізіледі. Мысалы: 6 сыныпта оқушылары көкжиек тұстарын анықтау, азимут, географиялық
координаталарды анықтау, сызба сызу, шартты белгілермен жұмыс тәрізді жұмыстарды орындаса, 9
сынып оқушылары Қазақстанның шаруашылық құрылымы сызбасын құрастыру, халықтар
тығыздығын анықтау, статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып диаграмма құру тәрізді
күрделенген тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар оқушыларға ұсынылған мәтіндегі
географиялық қателерді табу тапсырмасын беру, оқулық мәтінімен жұмыс істеуге зор ықпалын
тигізеді, себебі жасырын сөзді іздеу арқылы оқушы мәтінді оқып шығып,тиісті сөзді табады.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын
ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты
75
дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – білім беру мамандарына
жүктелген үлкен міндет.
Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан
да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының
басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай
келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға,
аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп
қалыптасуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |