129
Қорытынды:
Шындық немесе жалған тапсырмалары қажетті білімді жеткілікті бағаламай-ды, себебі оқушы
тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Оларды дайындау оңай, дегенмен
оларды қолдану кезінде мұқият болған жөн.
Мұндай тапсырмаларды қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу үшін тиімді
қолдануға болады. Бұл алдыңғы сабақтағы жетілдіруді қажет ететін проблемалық тұстарды
анықтау үшін, оқушыларды жаңа тапсырмаларды орындауға ынталандыру үшін, күнделікті
сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал
болып табылады.
Қорытындылай келе, жабық тапсырмалар Б.Блум таксономиясының білу, түсіну және қолдану
деңгейінің дағдыларын меңгереді. Ал, оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай
тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды
көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп,
талдауын қажет етеді. Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып
үйрену керек.
Екіншіден, ашық тапсырмаларды қарастырайық.
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге,
қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық
тапсырмалардың жауабы ұзындығы-на немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе
бірнеше сөздерден тұ-ратын
қысқа жауаптан
бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі
толық
жа-уапқа
дейін болуы мүмкін.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді,
қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі
қажет.
Мысалы,2 - сынып «қазақ тілі» пәнін практикада қолданып көрейік.
1)Сұрақтарды пайдаланып, сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Бұл –кім?
Шашы қандай?
Қыздың көзі қандай?
Құлағы үлкен бе?
Ауызы әдемі ме?
Тісі таза ма?ше қолы,аяғы бар?
(Сурет ғаламтор желісінен алынды.Сілтемесі:
Достарыңызбен бөлісу: