198
Ондағы сауалнама бастауыштағы оқу нәтижелерін арттырудың тиімді жолдары бойынша
мұғалімдердің көзқарастарын анықтау еді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің жауап
нәтижелері төмендегі суретте бейнеленген (1-сурет).
1-сурет. Бастауыш сынып оқушыларының оқу нәтижелерін арттыруға әсер ететін факторлар
Сауалнама нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, мұғалімдердің басым көпшілігі оқу
нәтижелерін арттыру тікелей оқушының өзінің дайындық деңгейіне байланысты деп ойлайды
екен.
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды,
әрі түсінікті етіп берген екен. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір
жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын болған.
Осы айтылғаннан-ақ білім сапасының жоғары болуы, оқу нәтижелерінің артуы тікелей мұғалімге
байланысты екеніне көзіміз жетеді. Ендеше, оқушыны сабаққа қызықтырып, оның білімге деген
құштарлығын оятатын мұғалімдер, яғни біздер боламыз. Ендеше, оқу нәтижелері бойынша
жоғары жетістіктерге қол жеткізгіміз келсе, ең алдымен өзімізден бастайық.
Сонымен, оқу нәтижелерін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімі келесілерді
басшылыққа алуы тиіс:
сабақтарда және сабақтан тыс уақытта заманауи инновациялық әдістемелерді, оқу сабақтарын
ұйымдастыру мен өткізудің жаңа формаларын қолдану;
өзінің кәсібилігін арттыру үшін әдістемелік тұрғыдан өзін дамыту және басқа педагогтармен
тәжірибе алмасу;
сабақтарда
заманауи
педагогикалық
технологияларды,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңінен қолдану;
ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдану арқылы кәсіби біліктілігін үздіксіз
жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: