Тапсырма 3 Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры табан жазықтығымен 45бұрыш жасайды және -ге тең. Пирамиданың көлемін табыңыз.
Конустың көлемі 9 см3. Егер оның осьтік қимасы тең қабырғалы үшбұрыш болса, конустың биіктігін табыңыз.
Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4 см және 6 см тең. Егер бүйір қыры үлкен табанымен 45 бұрыш жасайтын болса, диагональдық қиманың ауданын табыңыз.
Дұрыс тетраэдрдің биіктігі h-қа тең. Оның толық бетін табыңыз
Табан қабырғалары 6 см, 8 см, 10 см, ал биіктігі 8 см үшбұрышты тік призма берілген. Толық бетінің ауданын табыңыз
Үшбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігімен бүйір жағының арасындағы бұрыш 30 тең. Пирамидаға іштей сызылған шардың радиусы 1 см-ге тең болса, табан қабырғасының ұзындығын табыңыз
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 80 см, табан қабырғасы
120 см. Табанының центрінен өтетін бүйір жағына параллель қиманың ауданын есептеңіз
Конустың биіктігі 20-ға, табанының радиусы 25-ке тең. Конустың төбесі арқылы өтетін және конустың табанының центрінен қашықтығы 12-ге тең болатын қиманың ауданын табу керек.
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір жағымен табан жазықтығының арасындағы бұрышы 45-қа тең. Пирамиданың көлемі . Пирамиданың табанының қабырғасын табу керек.