Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
Лао-цзы
Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.
Ыбырай Алтынсарин
Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады.
Лев Николаевич Толстой
Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек.
Жүсіпбек Аймауытов
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Ғабит Мүсірепов
...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғүрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.
Бауыржан Момышұлы
Жұмыскердің білегі, Жұртшылықтың тірегі.
Иса Байзақов
Жақсы өмір сүру дегенімі — жақсы жұмыс істеу.
Николай Иванович Лобачевский
Жұмыс — бұл менің өмірлік ісім. Жұмыс істемеген кезде, мен өзімде ешқандай тіршілік белгісін сезбеймін.
Жюль Верн
Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады.
Франсуа Мариаруэ Вольтер
Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.
Уильям Шекспир
Бақыт — таңертең жұмысқа баруға асығу, кешке үйге баруға асығу.
Назым Хикмет Ран Залымдық
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық.
Абай Құнанбаев
Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.
Әлішер Науаи Заң
Соғыстың заңы – өте қатал заң.
Бауыржан Момышұлы
Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
Мұстафа Шоқай
Кез келген жерде, заң пайда болады
Билл Гейтс
Адамдардың заңы; жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.
Лао-цзы
Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.
Стендаль Фредерик
Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ
Платон
Заң – ойдан шығарылған сандырақ. Заңды адамдар жасады. Ал табиғат атом мен кеңістікті жаратты.
Демокрит
Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Қауқарсыз заңдар мен қарымды шенеуніктер арқылы елді басқару мүмкін болар-ау, алайда, қауқарсыз шенеуніктермен ешқандай заң да көмектесе алмайды
Отто фон Бисмарк Заман
Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
Ахмет Байтұрсынов
Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.
Мағжан Жұмабаев
Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
Дулат Бабатайұлы
Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.
Махмұд Қашқари
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.
Асан қайғы
Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет.
Ғабиден Мұстафин
Зерттеу
Адамды тану үшін өзіңді зерттеу жеткілікті, адамдарды тану үшін олармен араласу керек
Стендаль Фредерик
Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым
Ибн Сина
Ғылым мен көркем әдебиетте ортақ қасиеттер көп: бақылау, салыстыру, зерттеу екеуіне де тән.
Максим Горький Ислам
Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам.