Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.
Сенека Луций Анней
Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов
Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ
Ибн Сина
Жаңа сөздер ұсынуымызға болады. Бұл бағытта табанды түрде жұмыс істеуіміз керек. Бірақ біз оларды түрік тілінің кемелденуі жолындағы қозғалысқа бағындыруымыз қажет.
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Түркіні бұзар - тәтті сөз.
Білге қаған
Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр.
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр.
Махмұд Қашқари
Белгісі болса — жолдан жаңылмас,
Білімі болса — сөзден жаңылмас.
Махмұд Қашқари
Сөз — істің елесі
Демокрит
Ақымақтың ұстазы – сөз емес, бақытсыздық
Демокрит
Сөзіңіздің құлы болмаңыз.
Томас Карлайл
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.
Асан қайғы
Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.
Абай Құнанбаев
Аз сөз алтын, салмағы сезіледі.
Уильям Шекспир
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбіндее жатқан сөз,
Шер толқыса шығады
Асан қайғы
Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.
Асан қайғы
Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!
Жүсіп Баласағұни
Адамзат баласы ойлап тапқан қарулардың ішіндегі ең жойқыны –сөз.
Пауло Коэльо
Сана
Сананы тұрмыс билейді.
Цицерон Марк Туллий
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
Омар Хайям
Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.
Уинстон Черчилль
Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.
Фрэнсис Бэкон
Кек сананы көлеңкелейді.
Александр Васильевич Суворов
Қандай ғылым болса да, ол — адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың.
Викентий Викентьевич Вересаев
Салақ
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
Ғабит Мүсірепов
Мен ең әуелі сырт көрінеске назар аударушы едім, өйткені адам өмірінде оның үлкен мәні бар. Салдыр - салақ адамның іс-әрекеттері, сүйкімді болады деп ойлаудың өзі қиын.
Антон Семенович Макаренко
Сырқат
Егер сырқат қатты болса, ұзақ емес, егер ұзақ болса, ауыртпалы емес.
Цицерон Марк Туллий
Сезім
Адамдардан немесе әртүрлі жағдаяттардан қашып құтылуың мүмкін. Бірақ өз ойларың мен сезімдеріңнен ешқашан қашып құтыла алмайсың
Ремарк Эрих Мария
Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі
Жамбыл Жабаев
Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.
Стендаль Фредерик
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Абай Құнанбаев
Әркімде аяушылық сезімі болуы керек. Аяушылық сезімі жоқ адам қауіпті.
Бауыржан Момышұлы
Адамға әсемдік сезімін дарытпайынша, одан нағыз азамат шығара алмайсыз.
Рабиндранат Тагор
Ұялу — жақсы сезім, ең жақсысы — өзіңнен өзің ұялу
Лев Николаевич Толстой
Махаббат – адамды қайта қалпына келтіруші сезім.
Пабло Пикассо
Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.
Мари-Анри Бейль Стендаль
Сөйлеу
Ежелгі заманда адамдар көп сөйлеуді ұнайтпайтын. Өз сөзінен артта қалу олар үшін ұят болды.
Конфуций
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
Ғабит Мүсірепов
Достарыңызбен бөлісу: |