Сервантес
(1547-1616)
Мигель де Сааведра Сервантес – испан әдебиетінің ең ірі өкілі, ал оның «Дон Кихоты» - әлемдік әдебиеттің жәдігері. Рыцарьлық романға породия жасай отырып, Сервантес Испанияның халық өміріне кең реалистік беәне береді.
«Дон Кихот» әлемдік әдеби үдеріске үлкен ықпал жасаған қайта өрлеу дәуірінің ең көрнекті шығармалырының бірі. Мейірімді кезбе Дон Кихот пен оның қару – жарағын алып жүретін Санчо Пансаның образдары жалпыға белгілі есімдерге айналды. Олар әділетсіздікке қарсы күреседі. Барлығында да рыцарьға Санчо көмектесіп жүреді, ол оған шын берілген.
«Айлакер идальго Дон кихот Ламанческий» (романның бірінші бөлімі, 1605), «Дон Кихот» (романның екінші бөлігі, 1615), «өсиетттік новеллалар» (1613). «Парнасқа саяхат» (Сатира 1614), «Персилес пен Сихизмундтың ишхангерліктері» (роман ол өлгеннен кейін шықты), «Ғажайыптар театры» (интермедия), «Саламан үнгірі» (интармедия), «Қызғаншақ шал» (сатира), «Сыған қызы» (новелла), «Ағылшындық испан қыры», «Ақ көңіл бас июші» - Сервантестің тамаша туындылары.
Жас өспірім шағында - ақ болашақ жазушы Испанияның жартысын аралап шықты, Севилияда, Вадьядалидада, Мадридте болды. Мұнда ол гуманист Хуан Лопес де Ойоспан білім алды, ол 1569 жылы өзінің кітабында өз шәкіртінің бірінші өлеңін басып шығарды. Осымен Сервантестің әдеби қызметі он үш жылға үзіліп қалады да оның өзі Италияда кардинал Аквавиваның содаң соң испан әскерлерінде қызметте болады. Сол 1569 жылы Мадридте дуэльге (жекпе - жекке) қатысқаны үшін оң қолын кесуге және он жылға жер аударуға үкім шығарылған Мигель де Сервантес деген біреуге іздеу салынады. Италияда Сервантес 1570-1575 ж-р аралығында өз полкімен көптеген қалаларда болды. 1571 жылы Туркияға соққы беріп жатқан Испания әлі де болса прогрессивті рөлде болып түрған XVI ғ. соңғы шайқастарының бірінде – Лепанто түбіндегі теңіз шайқасында ол өзінің даңқын асырды. Сервантес көкірегі мен біртола өмір бойына жансыз болып қалған сол қолынан жараланды. Мұнда отаны үшін сол қолынан айырылған Сервантеске сүйікті отаны «Дон Кихотты» жазатын оң қолын кесіп тастауға үкім шығарғанында қандай да бір сәүегейлік жатты.
Сервантеске Севильяға жақын маңдағы деревняларды аралап азық түліктерді нақты бағамен күштеп алуға тура келді. Аш құрсақ шаруаларға жұмсақ, азық - түлікті жасырған дінбасыларына қатал болған Сервантес шіркеуден аластатылуға сәл қалып төрт рет – 1592, 1597, 1602 және 1605 жылдары төрт рет түрмеге түсті – екінші және үшінші рет толық алынбаған салықтар үшін қамалды.
«Дон Кихоттың» бірінші бөлімі 1605 жылы басылып шықты да авторды халықтың сүйіспеншілігін, ол көп ұзамай - ақ суроналық даңққа бөледі. Алайда, құжаттардан белгілі болғанындай, Мадридте жазушының отбасы, оның өзі діни бірадарлыққа кіруіне және меценаттардың көмегіне қарамастан кедейлікке кедейліте өмір сүргендігін көрсетеді. Соңы көрінбейтін қайыршылық өмір, дұшпандардың ғайбаттарымен қиындай түсті, оларға Сервантес «Парнасқа саяхат» дастанында (1614) жауап берді. 1614 жылы Алонсо Фернандес де Авельянеда аты бүркеншік атпен жарияланған бірінші бөлімнде Сервантеске қарсы ұлы памфлетті білдіретін, оның айлакер идальгосын сөзге жаиандайтын «Дон Кихоттың» жалған түрдегі жалғасы оған әсіресе ауыр соққы болып тиді: Алайда, «жалған Кихот» 1615 жылы басылып шыққан шынайы екінші бөлімнің аяқталуын тездетті.
Сервантес өзінің өмірінің соңында Сервантес тағы да бір үлкен романды – «Персилес пен Сихисмундтың жиһангерліктерін» жазды. Бұған арналған кіріспе бөлімді Сервантес қайтыс боларынан бір апта бұрын жазып шықты. Туындыны 1617 жылы жазушының жесірі шығарды. Алайда, Сервантестің образы Дон кихоттың даналық шаттығының сәтіндегі образына жақын болып көрінген кіріспе бөлімнен басқа, «Жихангерліктер...» «Дон кихотқа» алғы шарт болған кезеңге жатады.
Дон Кихот пен Санчо біршама дәрежеде символдық тұрғыда, шынайы, өмірден да, идеалдан да тұратын шынайылықтың уақыт жағдайына қарай өмірге қайта өрлеу еңгізе алмаған, алайда оның адамзаттың бұдан былайғы дамуына қосқан өшпес үлесіне айналған шынайылық пен кемелдіктің иелері ретінде көрінеді.
Сервантестің көп көріністі романы – бұл испан гуманизмінің әмбебаб картинасы.
Лопе де Вега
(1562-1635)
Қайта өрлеу дәуіріндегі испан әдебиетінің ірі өкілі. 1588 жылы «Жеңілмейтін армада да» ерікті болып қазмет етеді, испан солдаты ретінде англияның жағалауларына атталады. Саяхаты кезінде «Сұлу Анжелика» поэмасын жазады. Ол «Кінәсіздердің қаны», «Севильяның жұлдызы», «Саламель алкальды» секілді сонеттердің, романдардың, поэмалардың, романдардың, әңгімелердің авторы болып табылады. Оның шығармашылығы алуан түрлі. Лопе де Веганың әлемдік драматургияда өзінің лайықты орны бар. Оның өмірі жемісті болды, өзінің шығармашылығында ол қоғамдағы «әділетсіздікке қарсы шығады.
Испанияда Лопе де Веганың эстетикасына Мадрид академиясы қарсы шықты. Ол Лопе де Веганың «қарапайым халықтың театрын», «надан» және «Варварлық» деп атады. Алайда классицизмді жақтаушылар Лопе де Веганың жүйесіне ештемені қарсы қоя алмады. Драматург өзінің эстетикалық бағдарламасын шығармашылық тәжірибенің негізінде, жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде тұжырымдады да замандастарының сүйіспеншілігін, өзі «жалаң аяқ» деп атаған комедияларымен жаулап алды.
Фуэнте Овехуна (испан тілінен аударғанда «Қойдың бастама негізі» деп аталады). Испанияда Кордова қаласына жақын маңда орналасқан. Сол жерде 1476 жылы Калатрава орденінің камандоры Фернан Гомес де Гусманның озбырлығына қарсы халық көтерілісі бұрқ ете қалады. Осы тарихи көріністі өзінің пьесасында драматург қайта жаңғырта білді.
Тарихи хроникадан белгілі болғандай, Фернан Гомес Фуэнте Овехуна елді мекенін король мен Кордова қаласын үкіметінің еркіне қарсы өз бетінше иемденіп алды. Оған қарсы көтерілген шаруалар бұл жағдайда халықты қанаушыларға қарсы күрескерлерді ғана емес, сонымен бірге елдің бірлігі үшін күресушілерді де білдірді.
Лопе де Веганың «Сивилья жұлдызы» пьесасында (1623) қарапайым шаруалар емес, бай, ауқатты адамдар бейнеленген. Олар да қиыншылықтарды сезінеді, оларды да өздерінен де бай, әрі ауқатты адамдар қысымға ұшырытады. Мұнда да абырой үшін күрес жүріп жатады. Бәлкім дворяндық ар – намыс заңдарының кейбір айла - әдістері қарапайым адамның дұрыс пайымына ағаш болып көрінетін шығар, алайда өзіне алған міндетемелерді адал орындау, қабылданған қағидалар үшін кез - келген өзін - өзі құрбан ету ізгілікті әрі асқақ болып табылады.
Лопе де Вега өзінің өмірінің соңына дейін шығармашылықпен айналысты. Өзінің дүниеден озарынан бірнеше күн бұрын ол «Алтын ғасыр» атты тамаша философиялық поэманы аяқтады. Ол өз халқының, оның ұлттық тарихының даңқын сол заманғы оқиғалар мен ғұрыптарды жеңіл де, әсем өлеңмен немесе ескінің батырлық аңыздарын көне кастилиялық жылнамалардың қатаң стилімен сипаттай отырып асырды. («Астурияның атақты әйелдері» пьесасы ). Тасео рухында ол «Жаулап алынған Иерусалим» дастанын жазды. Драматург бірнеше новеллалардың («Диананың басынан кешкендері», «Өжет Гусман» және т. б.) өз заманының жазушылары мен ақындарының екі жүзден астам есімін атаған әдеби – сыни «Бұлбұл» поэмасының авторы болып табалады. Дәуірдің лебімен ол діни өлеңдерді де жазады («Қасиетті өлеңдер» жинағы). Алайда негізінен Лопе ле Вега драматург болды.
Оның, «Қойлардың шығар жері» пьесасының қаһармандарының бірі – ақ жарқын, қалжыңбас ал қажет болған жағдайда ақын да болып кете беретін шаруа Менго, «өлеңде лезде шығара салатындарды», қиналмай-ақ өз өлеңдерін:
....... өзінің өлеңдері
Дәптерге шимақтап жаза салатын.
Жабысқақ болдың астына
Қай-қайдағыны жасыра салатын.
Ақынсымақтарды өткір сынға алады.
Лопе де Вега өз күшін алуын түрлі жанрларда сынап көрді. Ол сонетерді, эпикалық поэмаларды жазды. «Табиғаттың ғажайыбы – ұлы Лопе де Вега пайда болды!» - деп жар салды Сервантес және де өлерінен бұрын (бұл жолдарды ол 1615 жылы өлерінен бір жыл бұрын жазған болатын) өзінің өнердегі тумысына ақ батасын берді.
Испандықтар өзінің ұлттық дарынын қатты құрметтеді. Оның есімі бүкіл сұлулықтың символына айналды.
Вильям Шекспир
(1564-1616)
Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетінің ең ірі өкілі. Қарапайым отбасында туды. 1587 жылы Лондонға келеді. Алдымен театрда суфлер, актер, содан соң режисер, ал кейінгі кезде директордың көмекшісі болып жұмыс істейді.
Шекспирдың туындылары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Шекспир драматургтың шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі (1590-1601) оптимистік сипатта. Драматург орта ғасырлық қараңғы, аскеттік феодалдық – шіркеулік дүниетанымға қарсы шыға отырып, қалыптасып келе жатқан капитализм халыққа бостандық алып келеді деп шын сенді. Шекспирдің комедияларының өмір қуанышына толы үні осыдан келіп шығады: (« Катерлер комедиясы», «Асауға тұсау», «Екі верондық», «Махаббаттың босқа жұмсалған күші», «Жазғы түндегі уйкы», «Болмашыны болды ету», «Сізге бұл қалай ұнамақ?», «Он екінші түн», «Виндзорық алапестер»). Осы кезеңде Англияның өткен тарихы бейнелейтін пьеса - хроникалар да жатады («Генрих VI», «Ричард II», «Ричард ІІІ-ші», «Король Джон», «Генрих IV», «Генрих V») 7 Осы жылдары «Ромео мен Джульетта» трагедиясы, «Венециандық көпес» драмасы мен «Юлий Цезарь» трагедиясы жазылды.
XVI ғасырдың соңына қарай капиталистік қатынастардың адамгершілікке жат мәні ашыла бастайды. Гуманистер қалыптасып келе жатқан капитализмнің кері жақтарын жиі сыңға ала бастайды. Гуманистердің санасына келмеске кетіп бара жатқан қоғамның да қалыптасып келе жатқан қоғамның да жағымсыз жақтары келіп құйыла береді. Шекспирдің шығармашылығында да күрт өзгеріс пайда болады. 1600 жылдан бастап оның комедияларын оптимизмі, жағдайлардың трагізміне, қаһармандардың ішкі жан дүниесімен өміріндегі қарама-қайшылықтарды терең талдауға орын береді. Өзінің шығармашылығының екінші кезеңінде (1601-1608) Шекспир ұлы трагедиялары – «Гамлетті», «Отеллоны», «Король Лирді», «Макбетті», «Тимон Афинскийді» және т. б. жазады.
Шығармашылығының ең соңғы үшінші кезеңі 1608-1612 жылдар аралығын қамтиды. Драматург шындық өмірдің трагедиялық қарама-қайшылықтарынан романтикалық – ертегі армандарында жол табады. Ол «Цимбелин», «Қысқы ертегі», «Дауыл» атты пьесалар жазады.
«Гамлет» трагедиясы (1601) Шекспирдың шығармашылығын екінші кезеңін ашады. Трагедияның сюжеті XII ғасырғы дат хроникасы Саксон Граматиктен алынған. Әтсе де пьессаның көрінісі Данияда болып жатса да, Шекспир өзінің өзге де пьессаларындағыдай өз заманындағы ағылшын қоғамын оның өткір әлеуметтік қарама - қайшылықтарымен бірге бейнелейді. Пьессаның негізінде гуманист Гамлетің «қатыгез» ғасырмен, әлеуметтік және моральдық зұлымдық әлемінен трагедиялы қақтығысы жатыр.
Гамлет – қайта өрлеу дәуірінің өзіне тән өкілі. Трагедияның басында ол өмірге разы әрі бақытты болды, себебі шындық өмір әлі де болса оның армандарынан алыс кетпеген еді.
Әкесінің кенеттен қайтыс болуы мен анасының лайықсыз қылығы оның дүниеге көз қарасы мен оның бүкіл келбетін өзгертіп жіберді. Егер де бұрын әлем оған үйлесім патшалығы, ал адам – ұлы, әрі сұлу болып көрінген болса, енді ол үшін «өткінші дүниенің квинтессенциясы» болды. Гамлет корольдың қылмыстары заманның жеркенішті тұстарын жүзеге асырып жатқандығын түсіне бастады; олар дат мемлекетінде белең алған ортаға, сол атмосферада мүмкін болды. Гамлет «дания түрме екендігін», алайда сонымен бірге көптеген қақпаларымен, зындандары мен және жер асты түрмелері мен бірге бүкіл дүние жүзінде түрме екендігі туралы қорытындыға келеді. Гамлеттің осы сөздерінде Шекспирдің өзінің ойы білдірілген.
Ханзада өз заманының қатыгездігі мен әділетсіздігіне қайран қалған, мұнда күшті әлсізді езеді, соттар істі әділетсіз қарайды, мұнда адамның қадыр қасиеті арсыздықпен қорланады.
Пьесаның трагедиялы аяқталуына қарамастан пессимистік емес. өлерінен бұрын Гамлет Норвег ханзадасы Фортинбрасты Дания тағына лайықты үміткер ретінде атайды. Фортинбрас өзінің рухани қасиеті бойынша Гамлеттен көп кейін қалады, алайда адал да батыл Фортинбрастың қылмыскер өте жаман Клавдийдың орнына келуі, Гамлет өмірден елінің жарқын болашағына деген үмітпен кетіп бара жатыр деген үмітпен қарауға мүмкіндік береді, міне осы сезімнің артында драматургтың өзі тұр.
Джон Мильтон
(1608-1674)
Нотариустың отбасында туған Мильтон діни ақуалда өмір сүрді. Мильтонның мектептегі досы Чарльз Диодад (шығу тегі итальяндық) Франциядағы католиктік шіркеуден қашып шығып, Женеваға келеді де протестанттарға қосылады. Ол кезде Мильтон Кембридж университетінде сабақ береді. Ол ағылшын республикасы егемендігін жақтаушы, феодалдық реакуияның дұшпаны ретінде көрінеді. «Жоғалған жұмақ» (1667), «Қайтарылған жұмақ» (1671) поэмалардың библиялық образдарында ол революциялық оқиғаларды көрсетті, адам құқықтары туралы мәселелерді қойды.
Мильтон өз балалық шағын шіркеу кызметкерлерінің арасында өткізіп, өзінің оқуын Кембридж университетінде жалғастырады. Содан соң ол әкесінің үйіне тұруға көшіп борады, грек, латын және көне еврей тілдерін үйрене бастады. Ол өз заманының ең сауатты адамдарының бірі болды.
Дін тақарыбы «Дінге деген күшті сенім, поптардың еркі мен ұлылықтары». Тұлғаның еркіндігі тақырыбы «Сөз еркіндігі туралы сөз», атты туындысында көрсетілген. Тәрбие тақырыбы «Адам құқықтарын тәрбиелеу туралы» аты зерттеулерінде, «Тәуелсіздік пен химия» атты туындыларында келтірілген.
Мильтонның теориясы бойынша, адам үшін үш еркіндік бар, олар: діни наным - сенім, отбасылық және азаматтық құқық. Мильтонның шығармашылығындағы ерекше орында оның «Ағылшын халқын қорғау» деген атпен латын тілінде жазған туындылары алып жатыр.
1660 жылы Англияны Рестоврация кезені басталады. Бұл кезеңде Мильтон Лондоннан алыс емес жерде жүтаңдау өмір сүрді. Мұнда ол өзінің «Жоғалған жұмақ» және «Қайта оралған жұмақ» атты поэмалары мен «Сасон - күрескер» трагедисын жазып шықты.
Жеті әннен тұратын «жоғалған жұмақ» поэмасын ол он үш жыл бойы жазған. Бұл кезеңде ол өзін жалғыз сезінген жоқ. Ол ойша табиғатпен сұхбат құрады.
«Жоғалған жұмақ» поэмасының жалғасын біз «Қайта оралған жұмақ» поэмасында көреміз.
«Баспасөз еркіндігі туралы сөз» (трактат), «Тәрбие туралы» (трактат), «Ажырасу туралы» (трактат), «Иконаға қарсы күресуші» (памфлет), «Жоғалған жұмақ» (поэма), «Қайта оралған жұмақ» (поэма 1662), «Самсон – күрескер» (драма) – оның туындыларының бір бөлігі міне осы.
Университетте Мильтон өлеңдерді ағылшын және латын тілдерінде жазды. Олардың кейбіреулерінің атаулары ақынның дінге бейімділігін білдіріп тұр. («Христостың туған күнінің таңы», «Құдайдың ынтықтықтары», «Құдайға сүндеттеуге» және т.б., сонымен бірге «Шекспирге»).
Университетті бітіргеннен кейін, әкесінің қала сыртындағы үйінде Лондонға жақын маңдағы Хартонда тұрып жатып, Мильтон өзінің алғашқы өзінің жеткілікті дәрежедегі елеулі туындыларын, драмалық поэмасы «Камусты» жазды.
Мильтонның соңғы туындысы, оның қаһармандық драмасы «Самсон» да әпсанадан келіп шығады, ақынның қалған барлық шығармалары секілді революция оқиғаларымен байланысты. Мұнда ол жығылған алыптар тақырыбына қайта оралады. Енді ол алып күшке бөленген, зұлым да жауыз филистимляндықтар жеңе алмайтын алып Самсон. Самсон сенгіш, оның үстіне ол сұлу әйелді, өзінің жұбайы Далиланы сүйеді, алайда филистимляндарға сатылған Далила оны сатып қояды. Оның көзін ойып алады. Филистимляндардың кешегі қорқынышы болған ол, олардың сайқымазағына айналуына мүмкін. Алайда, бақытсыз жығылған алып бағынған жоқ. Ол өзінің дұшпандары көңіл көтеріп жатқан сарайдың қабырғасын бұзады да оларды құртады, өзі де сарайдың қабырғасын үйінділерінің астында көміліп өледі.
Мильтонның есімі Англияның сыртында, баспасөз беттерінде оның «Ағылшын халқын қорғау» атты әйгілі шығармасы пайда болғаннан кейін әйгілі болды.
Мильтон жаңа поэтикалық әлемді жасады, элиталық өлеңнің жаңа мүмкіндіктерін тапты. Ол еуропалық поэзияның дамуына үлкен ықпал етті.
Пьер Корнель
(1606-1684)
Әйгілі француз драматургі Руан қаласында адвокат отбасында дүниеге келді. Әдеби қызметін комедияларды жазудан бастады. Өмір тіршілігінің тарихына арналған «Мелита» (1629) комедиясы шығармашылықты осы жанрда жалғастыра беруге серпін берді. Осы шығарманың ықпалымен ол бірінен соң бірін «Клитандр» (трагикомедия), «Сот өмірі», «Корольдердің жарығы» (1631-1636) пьесаларын жазды.
Корнель «Сид» трагедиясын испанның батырлық эпосы «Сид туралы жырдың» ықпалымен жазғанына қарамастан, осы «Сид» трагедиясының арқасында әйгілі болды. Ұзақ уақыт бойы әдеби қызметпен айналысады, алайда одан кейін «Гораций», «Цинни», «Эдип» (1659) трагедияларын жазады. 1667 жылы Парижге қайта оралысымен әйгілі драматург Рассинмен кездеседі. Мұнда ол «Пампея», «Аттил», «Геркулес» атты тарихи трагедияларын жазады да өз беделін қайта қалпына келтіріп, көрермендер тарапынан әйгілі драматург ретінде мойындалады. «Мелита», «Клитандр», «Сот галереясы», «Король алаңы», комедиялары, «Сидтің күлдіргі елестері», «Сид», «Горации», «Цинна» (1639-1640) пьесалары, «Пертарит» (1652), «Эдип» (1652) трагедиялары, «Талғам храмы» поэмасы (1731) Корнельдің әйгілі пьесалары.
«Сид» авторға халықтың мақтауын бергенімен сонымен бірге орта қол драматургтердің қызғанышы мен кардинал Ришельенің теріс ниетін туғызды. Соңғысына келсек, оған ең алдымен, саяси себептер түрткі болды, нақтырақ айтсақ: Корнель пьесаларындағы испандық қаһарман. Ришелье сол кезде Австрияға қарсы сыртқы саясат жүргізді, әрине ол осы елдің тағында отырған испан габебуртеріне жақсы ниетте болмады.
Сид туралы – тарихи тұлға Радриго Диас туралы мәліметтерді Корнель испан батырына арналған ортағасырлық қаһармандық поэмадан немесе рыцарлық жырлардан (рамансеро) алуы мүмкін. Алайда, Корнельдік «Сид» – нағыз француздық туынды. Испаншаны Сид пен Хименаның махаббаттын жүрегіне соншама жақын қабылдауына не нәрсе мәжбүр етті. Оның өзі сүйеді еріксіз, қинала сүйеді. Сүйгенде кімді сүйеді? Қарапайым дворян болғандығы себепті оған күйеуге шыға алмайтын жас Сидті ме? Испанша өзін - өзі қаншама айнытса да, өз-өзімен қаншама күрессе де махаббаттың сиқыры оны дес бермес күшпен тартып кетеді. Тек үміт қана оның махаббатына нәр беріп тұр деп пайымдай отырып, оның өзі осы үмітті біратала өлтіріп тастауға тырысады. Радригоның үйленуі екеуінің арасында айырып жіберуі мүмкін, сондықтан корольдың ғашық қызы, жүрегінде ауыр күйзелістің құпиясын сақтай отырып өзінің сүйген адамының жек көріністі некесін өзге адаммен, яғни қоғамдық жағдайында өзіне тең қызбен некеге тұруын дайындайды.
Оның «Мелитасы» пайда болды (1629). Корнельдің осы комедиясы және осыдан кейін 1631-1636 жж жазылған өзге де комедиялары («Клитандр», «Жесір», «Сот галереясы», «Король алаңы») бүгінде ұмытылған, алайда олар өз кезінде көрермендер тарапынан жылы қабылданған.
«Гораций» трагедиясын (1639) Корнель кардинал Ришельеге арнады.
Корнельдің Ришельеге шын мәнінде қалай қарағандығын білу үшін, драматургтің Людовик ХІІІ нің қазасына арнап жазған сонетінің прозалық аудармасын келтірейік (Король өзінің министірінен жарты жылдан кейін қаза болды).
Трагедия бірінен кейін бірі келе беретін екеу ара сұхбаттан басталады: Кіші Горацийдің жұбайы Сабина, содан соң Горацийдің әпкесі Юлиямен сұхбат құрады. Юлийдің рөлі - көріністің барысына ешқандайда ықпалы жоқ қызметтік рөль ғана, ол сұхбаттарға қатысудан, сұхбаттасушы қыздардың сөздерін қақпақылаудан, тұрады., осылайша олардың ойларын дамытуға көмектеседі, кейде оларға сахнаның арғы жағында не болып жатқанын хабарлап тұрады.
Саяси ойшыл ретінде, Корнель мемлекетке қызмет етуде шектен шығуға қарсы болды. Ришелье саясатындағы қатыгездікті ол өзінің «Цинна» атты трагедиясымен айыптады, оған оның өзінің «Цинна немесе Августың мейірімі» атты атауы меңзеп тұрды. Өнегеліліктегі осындай шектен шығушылыққа ол кординал Ришельге арналған «Гораций» (1639) атты трагедиясында да қарсы шықты. Корнель өзінің трагедияларын саяси диспуттардың типі бойынша құрастырды («Циннадағы» монархия мен республика жайлы диспут, «Помпейдегі азаматтық соғыстарды саяси талдау және т.б.). Корнель XVII-ғы драматургтердің ішінде саяси ақын болды.
Францияның шын мәніндегі билеушісінің қаһары қауіпті еді. Сондықтан драматург өзінің Руанында тұрып уақытша болса да үндемей отырды. 1639-1640 жылдары ол «Гораций» және «Цинна» атты жаңа трагедияларымен шықты 1643 жылы «Полиевктті» жазды.
1652 жылы ол үлкен шғармашылық сәтсіздікке ұшырайды: «Пертарит...» трагедиясы толық күйрейді. Есі кеткен Корнель жеті жыл бойы үндемей жүреді де тек 1659 жылы ғана ол «Эдип» трагедиясымен тағы да шығады.
Жан Батист Мольер
(1622 – 1673)
Жан - Батист Мольер парижде корольдік жиһазшы әрі және оны қаптаушы отбасында дүниеге келді. Мольердің дарыны тақуалық пен көзге көрінер мейірімділікті жамылған екіжүзділікке қарсы бағытталған «Тартюф», «Дон Жуан», «Мизантрон» комедияларында шарықтауға жетті. Оның комедияларының қаһармандары типтеудің орасан зор әлеуметтік күшіне ие болды. Парижде ол сахнаны сүюші өзге де жастармен бірге ол театр құрады, алайда ол сәтсіздікке ұшырайды. Ол кезбе топтың әртісі болады. Спектакьлдерде жетекші рольдерді ойнайды. 1650 жылдан бастап топтың жетекшісі болады. «Телба» (1653), комедиясын қойғаннан кейін
«Арық дәрігер» пьесасын жазады. «Әйелдерге арналған сабақ» пьесасын (1662) оның дұшпандары жағып жіберуді талап етеді.
«Өтірік ауру», «Мизантроп», «Сараң», «Жорж Дантен» секілді туындылары бұл туындылардың тек санитарлық жағын ғана емес, сонымен бірге Мольердің жазу өнерін, сөзді басқаруын, оның биік шеберлігін көрсетеді.
1653 жылы Лион қаласында ол өзінің ең алғашқы пьесаларының бірі – «Шәлкесті» қойды. Драматургке әдебиет мәселесінен алшақ жатқан дұшпандардан қорғануға тура келді. Олардың артында Мольердің санитарлық жебесі түйреп өткен олардан да күштірек дұшпандары тұрды; дұшпандары халықтың мақтанышына айналған адам туралы адам сенбес өсектерді таратты.
Мольердің комедияларының халықтылығы барша образдарға соның ішінде автордың мысқылын беріп тұратын сатиралық образдарға да беріліп тұрған өлшенетін үнде болып отыр.
«Күлкілі бәлденген әйелдер» комедиясы – Мольердің Парижде қойылған өзіндік алғашқы пьесасы. Оның табысты болуы ғажап болды, ол пьесаның қадір – қасиетіне байланысты болмады, әйтсе де драматургтің шеберлігі онда айқын білініп тұрды, ол осы пьесаға байланысты француз ақсүйектерінің арасында пайда болған дүрлігумен байланысты болды.
Еліктіргіш романдарды әбден оқыған екі мещян қыз Парижге келіп Румбуйе ханымның даңқы туралы армандай бастайды. Ақсүйектерден шыққан бұл бикештің есімі аталмайды, алайда замандастарының көрермендері әңгіме кім туралы болып жатқандығын түсінеді. Қыздар өздеріне еліктіргіш романдардан Аминта және Пашкина деген сәнді есімдерді алады. Қыздар өздеріне ұсыныспен келген күйеу жігіттердің «Нәзіктік карталарын» көрмегендіктеріне ызалы.
1661 ж. маусымда Мольер пале – Рояльда отбасы проблемаларына арналған «Ерлер мектебі» атты комедияны қояды. Драматургтің мұнда алға ұсынған идеясы өз заманынан озық тұрды.
Мольер өзінің «Ғалым әйелдер» атты жаңа комедиясын алғаш рет жазушы әрі өткір сөздің шебері герцог Ларошфуноға оқып берді, содан соң бір аптадан кейін ол Пале – Рояль театрында қойылды. Әйелдер білім алуға құқығы бар ма, әлде олардың үлесі – асхана, жатын бөлме және балалар бөлмесі ме? Егер 1789 жылғы ревалюциядан кейін ғана француз әйелдері Конвентке, әйелдерге қоғам өміріне қатысуға құқық беру туралы петиция түсіргенін және мұнысымен олар депуттаттардың арасында едәуір абыржылушылық туғызғанын ескерсек, Мольер заманы үшін бұл мәселе өте батыл болды. Ал сол Конвентте төрағалық тіккен Талейран мардымды жауап бермеді.
Партюфтің есімі дүние жүзіндегі барша білімді адамға белгілі. Керек болса Мольердің «Тартюф» атты комедиясын (1664) ешқашан да оқымағандар да, оны сахнада тамашаламағандар да, осы есімді бірнеше рет естіген, бәлкім оны өздері де айтқан болар. Ол әлемдік сөз қолданысына барлық өрінісіндегі екіжүзділіктің, сыпайылықтың, бояма діншілдіктің бет пердесінің ар жағындағы азғындық пен арсыздықтың, өтіріктің, алдап – арбаудың (қулық - сұмдықтың) жалпылама есімі ретінде кірді.
1664 ж 12 мамырда Версальда комедияның алғашқы редакциясы қойылды. Париж архепискосы мен король - анасы оның тиым салынуына қол жеткізді. Сол жылы күзде Мольер корльге комедияның қойылуын жалғастыру туралы жазбаша өтініш жасайды. Алайда рұқсат берілмеді. Мольер комедиямен жұмыс істеуді жалғастырып, оны жетілдіре түседі. Оған оның сахналық көрінісінің жүзеге асуын ақсүйектердің үйлеріндегі жабық спектакльдерді көрудің сәті түседі. 1664 ж қарашасында комедия Ренсиде Палатинская ханшайымның сарайында қойылды.
Әлемдік өнер Дон Жуанның образының жүзден астам нұсқасын біледі. Олардың келбеті әртүрлі, бірақ жалпылама атауға айналған бір ғана есім әйгілі. Олардың ішінде болашық барлық Дон Жуандардың прототипі ашықтан - ашық ұятсыз, өтірікші, зұлым - зорлықшы Дон Жуан Терео де Малини. Олардың арасында нәзік әдемі, бала көңілді, Байронның «Дон Жуан» поэмасының жалынды, сұлулыққа әрқашан да ғашық әйелдің махабатына әрқашан да жауап беруге дайын қаһарманы да бар.
Мольердегі Дон Жуанның образы қарама - қайшыға толы: ол өзіне жақсы қасиеттерді де, жаман қасиеттерді де біріктірген. Мольердің драматургиясына бұл тән еместігі сонша, ол оның шығармашыл ойларын түсіндірушілердің көпшілігін тығырыққа тіреді. Ол олма, Мальерлік Дон Жуанның образы статикалы емес. Ол дамуда берілген және де бұл да оны классикалық театрдың шеңберінен шығарып жібереді. Пьесаның басында Дон Жуан «Эпикурлық шошқа» деп аталған. Осыған Мольер жанашырлық таныта алды ма? Зұлым реңкпен Құдайға тіл тигізуші әрі арсыз Дон Жуанды суреттей отырып, Мольерден бұрынғы сюжетті сахналық өңдеушілер, діни ортодоксия мен тақуалықты қорғаушылар ретінде көрінді, ал бұлар болса, өмірсүйгіш ақынның жанына жақпады.
Мольердің замандастарын Дон Жуан мен Сганарель арасындағы діни пікірталас таң әсіресе қайыршы көрсетілген көрініс, пьесаның философиялық шарықтау шыңы таң қалдырды.
Әкесі тәубеге келген баласын көзіне жас ала отырып қарсы алады, бұдан Сганарель де аса зор қуанышта. Алайда Дон Жуанның қайта туылуы басқа нәрсе: ол адамдардың үстінен зұлымдықпен күлуге, Тартюфтің бет пердесін киіп алып олардың құрметіне бөленуді ұйғарды. Екіжүзділік – кең тараған жаман қасиет, дейді ол. Мизантрон «комедиясында бұл ой ең басты ойға айналды. Драматург оны бүкіл сахналық көріністің ортасына қойды.
Комедия екі достың сөз таласынан басталады. Сөз таласының басы пьессаның негізгі басты проблемасы.
Комедия «Альцеотті мизантроп» деп атады. Алайда Альцестің мизантропиясы - басқа емес, қайғылы көрсоқыр гуманизм.
«Сараң» комедиясы алғаш рет 1668 жылы 9 қыркүйекте қойылды да театрда автордың көзі тірісінде – ақ үнемі табысты болып жатты.
Пьесаның ең басты жағымсыз кейіпкері сараңдықтың көрінісі Гарпагон шал болып табылады. Оны жақсы, мейірімді адал адамдар қоршап тұрады. Олардың ішінде Гарпагонның қызын құтқарып қалған және содан соң оған ғашық болып қалған, қызға деген ғашықтығы үшін өз еркімен жағымпаздың жағымсыз рөлін қабылдаған, ақылды да зерек жас жігіт Валер де бар.
Жастар бір - бірін сүйеді, сондықтан құпия түрде некелесіп қойған. Шал бұл жайында білмейді, сондықтан қызын бай шал Ансельмге беруге қамданады. Қыз қарсыласады, Гарпагон Валерден көмек сұрайды. Қызды күйеуге жасаусыз алады - сараң әкенің басты аргументі міне осы.
Корольдік саятшылыққа байланысты мейрамдарда алғаш рет қойылған. «Дворян кезіндегі мещянин» (1670) комедиясы сарай маңындағыларға ұнамады. Журденнің дөрекі мәнері таң қаларлық, алайда ақымақ кішіпейілділік көңілді күлкі туғызуы мүмкін, ал Дорантың салқынқанды алаяқтығы жиіркенішті туғызады. Сонымен бірге Журден соншалықты ақымақ емес. Ол зерек. Шынайы буржуа секілді ол әрбір тиынды есептейді. Жазба кітабына жүгінбей - ақ ол Дорантқа оның қарызға қанша ақша алғандығын, қашан алғандығын хабарлайды. Тігіншінің костюміне қарағанда ол сол сәтте - ақ оның өзіне тігуге берілген материалының бір бөлігін пайдаланғанын біліп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |