Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,67 Mb.
#36507
1   2

3.4 Тіл-эталон туралы ұғым


Тіл-эталон ғылымға белгілі кезкелген тілді салғастыруға болатын өмием бірлігі үшін шартты түрде қабылданған тіл.

«Тіл-эталон» ұғымын Б.А. Успенский ұсынған. Тіл-эталон идеясы салыстыру ұғымынан шаққан. Типологияның негізінде жатқан кез келген салыстыру, яғни туралы ілім (сөздің кең мағысында) салыстыру негізінде құрылады.

Тіл-эталон немесе мататіл дедуктивтік негізінде бөлінеді. Б.А. Успенский тіл-эталон (матетіл) мен тіл-эталоннан нақты тілдерге және керісінше (түрлы деңгейлер үшін) трансформацияны анықтап, құрылым типологиялық құруға болады дей есептейді.

Тіл-эталонда лингвистикалық типологияға тән салыстыру негіздері тіркелуге тиіс. Сондықтан тіл-эталон ретінде көріне алатын тілдің әлдебір априорлы жүйесін құрастыруға талпыныс жасалуда.

Қазіргі уақытта ғылым теориялық пайымдаулармен шектліп, тіл-эталон атауна лайық тілдерді ғылыми сипаттаудың құралдарын ұсына алмай отыр.

Ю.В. Рожденственский тіл-эталонның келесі нымандарын бөліп көрсетеді:

1) тіл-эталог әмбебап дефиницияларды тексеріп, белгілеу үшін құрылып, өздіндіқ типологиялық (мазмұнды) теорияны тудыруға ықпал етеді;

2) тіл-эталонда тіл қасиеттерінің екі түрін сипаттайтын бекінім бар: тилогогиялық аыйрмаларынысыз барлық тілдерінің құрылуын түсіндіретін бекінімдер мен тілдерді аыырықмалайтын әмбебаб дефиницияларға қатысты бекінім;

3) тіл-эталон типологиялық теория үшін тіл-объект болады: ол әлемнің барлық тілдерін бір тілде көрсетеді;

4) тіл-эталон генеративті негіздерге құрылып, әдетте рәсімдерді пайдаланады;

5) тіл-эталон типологиялық метатілін білдіреді, ойткені ол бұрынғы типологиялық айтылымдарды түсіндіреді.

Б.А. Успенский екі тіл-эталонды – минималды-максималды тіл-эталонын ажыратуды ұсынады. Минималды тіл-эталон өзіне барлық тілдердің зерттелеуі деңгейінің (аспектісінің) типологиялық нышандарын біріктіруге тиіс. Максималды тіл-эталон өзіне сипатталаймын тілдердің барлық нышандарының жиыншығын бірітіруге тиіс.

Б.А. Успенский табиғи тіл-эталон ретінде тулғасыз тілдерді қарастыруды ұсынады, алаййда іс жүзінде орлар өз құрылымы бойынша тіл-эталон жақындауға тиіс идеалдан күрделірек.

Белгілі фактылардың негізінде тіл-эталон ретінде қолданылайтын кейбір жүйелерді бөлуге болады:

1) арнайы жасалған жасанды тіл немесе жалпы жасанды ережелерден тұрайтын символикалық тіл;

2) жүйесі жақсы жасалған белгілі бір нақты тіл;

3) белгілі бір жүйе;

4) лингвистикалық (грамматикалық, семантикалық және т.б.) категория;

5) белгілі бір дифференциалды нышандар;

6) белгілі бір грамматикалық ереже;

7) белгілі бір семантикалық өріс;

8) фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. модельдер;

9) белгілі бір әдіс;

10) аударма кезіндегі делдал тіл;

11) типологиялық категориялар және т.б.

Зерттеудің сипаты мен мақсаттарына қарай көрсетілген тізбені жалғастыра беруге болады.

Өзіндік табиғи метатіл тіл білімі пайда болған сәттен бері өмір сүреді: латын тілінің жүйесін сипаттау моделі негізінен сол функцияны атқарды. Осы метатілдің қолданылуы кптеген тілдердің грамматикаларын тудырды. Сондай-ақ сан алуан тілдердегі түрлі грамматикалық және басқа категориялар сол арқылы зерделенді.

Шет тілдің жүйелерін анна тілмен (ағылшын тілін орыс немесе қазақ тілімен) салыстырғанда ана тілі тіл-эталон болады. Орыс және қазақ тілдер құрылымының айырмашылығынан салыстыру салыстыру нәтижелері әртүрлі болады.

Салыстырылатын материалдың сипатына қарай не ағылшын, не орыс, не қазақ тілінің жүйесі жиі метатіл болып қызмет етеді. Мысалы, белгілік және белгісіздік каиегорияларды салыстырғанда метатіл ретінде ағылшын тілі таңдалады, өйткені оған белгілік пен белгісіздіктің (белгілік және белгісіздік артикльдері) арнайы маркерлерінің болуы тән. Ал септік тұлғаларымен байланысты категориялық ұғымдарды салыстырған метатіл ретінде орыс немесе қазақ тілдерінің жүйелерін алған жөн.

Дегенмен, салыстыру метатілі етіп типологиялық категорияларды таңдаған дұрысырақ.


4 Типологияның басқа лингвистикалық пәндермен байланысы
Лингвистикалық типология дамуының түрлі кезеңдеріндегі фонологиялық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлерінің бірліктерін салыстырып, түгелдей тіл иерархиясының барлық деңгейлерімен айналысатындықтан, ол тілдің тарихи дамуы мен қазіргі жағдайын жүйелер жүйесі ретінде зерделейтін ғылымдардың жинақталған мәліметтеріне сүйене отырып, өз теориясын құрайды.

Тіл тарихы курсының білімі тілдің бүкіл құрылымының және қазіргі жағдайына негіз болған жекелеген шағын жүйелері мен микрожүйелерінің дамуындағы күрделі де сан алуан үрдістерінің түсінігін береді. Орта кезеңде ағылшын тілінде болған өзгерістерді (мысалы, XV ғасырда шеткі жіңішкенің [ә] түсіп қалуы) айқын түсіну оның типологиясының кезінде көптеген ортақ типологиялық қырлары болған орыс тілінің типологиясынан едәуір өзгеше өзгеріске ұшырағанын сезінуге көмектеседі.

Грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білу, тілде жекелер мен санаулыларды жинақтайтын жүйенің болатыны туралы түсінік береді. Тілдің типологиясы өз қорытындысын тілдің типологиялық қырларын құрайтын ортақ нышандар негізінде шығарады. Мәселен, ағылшын тіліндегі сан категориясының морфологиялық рәсімделуі әртүрлі, алайда типологияда есепке ағылшын тіліндегі сан категориясын рәсімдеу типін бейнелейтін ортақ сипаты бар ретінде -(e)s морфемасы алынады.

Сол тілде сөйлеудің негізін құрайтын көптеген сөйлемдер мен сөз тіркестері белгілі бір типтерге жинақталады, олар өз жиынтығында сол тілдің синтаксистік құрылысын – синтаксистік типологиясын сипаттайды. өзінің микрожүйелерінде тілдің типологиялық сипаттарын құрайтын теориялық фонетика (тілдің фонологиялық құрылымын, суперсегмент құралдарды т.б. білу) лексикология (тілдің сөзжасамдық жүйелерін, сөз жасаудың өнімді құралдарын білу) пәндері типологияның қарауына ұқсас жиынды мәліметтер береді.


Тест
1. Бірқатар тілдерде байқалатын ыншандардың негізгі сипаттарын топтастырумен және ортақ заңдылықтарды шығарумен айналысатын тіл білімінің бөлімі қалай аталады?

2. Әлемнің жекелеген тілдерінің жүйесін сипаттайтын ұқсас және өзгеше қырларының санын анықтаумен байланысты ортақ проблемаларды зерделеумен типологияның қандай бөлімі айналысады?

3. Типологияның қай бөлімі бір тілдің немесе тілдердің шектеулі тобының типологиялық сипаттарын зерттеумен айналысады?

4. Типологияның қандай бөлімі жеклеген тілдер мен тілдер топтарының жағдайы типологиясының тарихи өзгерістерімен айналысады?

5. Типологияның қандай бөлімі жекелеген шағын жүйелер немесе тілдердің деңгейлері саласында типологиялық зерттеулерімен айналысады?

6. Типологияның қандай бөлімі әлдебір белгілі аумақта(ареалда) тұратын тілдердің жалпы типологиялық сипаттары мен заңдылықтарын зерттеумен айналысады?

7. Типологияның қандай бөлімі шет тілі мен анна тілі құрылысының негізгі типологиялық ерекшеліктерін зерттеумен және сипаттаумен айналысады?

8. Бірқатар тілдерге ортақ, ұқсас заңдылықтармен өткен көне тілдердің негізгі типологиялық нышандарының күрделі өзгерісі қалай аталады?

9. Бір нышанның болуы немесе болмауы басқа нышанның (нышандардың) болуын немесе болмауын тудырғанда өзара белгілі бір байланыста болатын тілдің жетекші нышандарының тұрақты жиынтығы қалай аталады?

10. Тіл құрылымында сол жағдайы үшін жетекші болып табылмайтын, алайда нышандардың кейбір тұрақты жиынтығын құрайтын қырлардың болуы қандай терминмен анықталады?

11. Тілді типологиялық сипаттау мақсаттарының бірі бірқатар тілдердің микрожүйелерінің, шағын жүйелері мен тұтас жүйелерінің ұқсастығын анықтау болып табылады. Осы ұқсастық қандай атау алды?

12. Тілдің сол деңгейін құрайтын тілдік бірліктер құрылымының түрлі типтілігі қандай терминмен аталады?

13. Тілдердің барлығына немесе көпшілігіне тән құрылым заңдылықтары қандай терминмен аталады?

14. “Есть языки без фрикативных согласных, но не существует языков без взрывных” сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

15. ''Существуют языки, в которых отсутствуют слоги, начинающиеся с гласных, но нет языков, в которых отсутствовали бы слоги, начинающиеся с согласных '' сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

16. “Местоимения существуют во всех языках и различают при этом три лица” сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

17. ”Если язык имеет категорию рода, то он обязательно имеет и категорию числа” сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

18. “Метафорический перенос значения наблюдается во всех языках” сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

19. “Такие семантические компоненты, как “пол”, “возраст”, осящий универсальный характер, равно как их регулярное соединение в таких словах, как русское “мальчик”, английское “boy”, немецкое “Knabe”, французское “garçon” и т. д. сипаттау бірлігіне қатысты тілдік құрылымның деңгейін назарға ала отырып, универсалий түрін анықтаңыз.

20. “Типологияда кеңінен қолданылатын, маңызы генетикалық туыстығына қарамастан бара-бар функциясы бар рірқатар тілдердің құбылыстары мен фактыларын іздеп, анықтауда жатқан зерттеу әдісі қалай аталады?

21. Дж.Гринберг жасаған, өзі белгілі бір қатынастарды танытатын жекелеген қырлар мен нышандардың сандық көрсеткіштері пайдаланылатын квантитативтік әдіс қалай аталады?

22. Дж.Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі морфемалардың саны сөздер санына қатынасты танытады?

23. Дж. Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі жалғамалы конструкциялар санының морфемалар арасындағы шовтардың санына қатынасын танытады?

24. Дж.Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі түбірлік морфемалардың санының сөздер санына қатынасы танытадф?

25. Дж.Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі сөз тудырушы морфемалардың санының сөздер санына қатынасын танытады?

26. Дж.Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі префикстер санының сөздер санына қатынасын танытады?

27. Дж.Гринбергтің әдісіне сәйкес қандай индекс 100 сөздік мәтіндегі жұрнақтар санының сөздер санына қатынасын танытады?

28. В.Д.Аракин салғастыру бірліктерін анықтау негізіне қандай критерийлер енгізді?

29. Қандай тілдік бірліктердің типтері келесі көрсеткіштермен сипатталады: 1) фонемаларды түгендеу санымен сапасы; 2) оппозициялар мен корреляциялардың саны мен сапасы; 3) фонемаларды бейтараптандыру жағдайлары; 4) оппозициялар күші; 5) фонемалардың дистрибуциясы мен олардың жиілігі; 6) сөздегі фонемалардың функциясы?

30. Қандай типологиялық бірлік келесі көрсеткіштермен сипатталады? 1) екпіннің табиғаты; 2) сөздегі екпіннің орны; 3) екпіннің сапасы; 4) екпіннің функциясы.

31. Бәрінен де кідіріспен жиірек шектелетін, бір мағыналық топқа жататын екпін алды бөлімнен, шеек пен аяқталудан тұратын тон қозғалысының басталуынан аяқталуына дейінгі сөйлеу интонациясының үзігін қандай типологиялық бірлік танытады?

32. Қандай типологиялық бірлік келесі критерийлермен анықталады: 1) буынның жоғары басы (вершина) дауысты дыбыспен немесе буындық дауыссызбен құралады; 2) буынның жоғары басына (вершина) позиция алды дауыссыздар саны; 3) буынның жоғары басына (вершина)

33. Типологиялық салғастыру бірліктері ретінде морфеманы бөлудің үш критериін 1) салғастырылатын морфемалардың функциональдық бара-барлығының критериін; 2) жалпы жиілікке сәйкестік критериін;

3) лексикалық бірліктерді кеңінен қамту критериін назарда ұстай отырып, ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрін танытатын модельдердің қайсысының максималды өнімділікпен сипатталатынын (типологиялық маңызды болып табылатынын) анықтаңыз.

34. Сөз таптарын бөлу (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік, үйлесімдік, сөз жасамдық) китерийлерін назарда ұстай айырып, ағылшын тілі үшін қай сөз табының үлгі болатынын анықтаңыз, оның аналитикалық ерекшеліктері мен орыс тілінен айырмасын көрсетіңіз.

35. Грамматикалық категориялардың - септіктің (6 тұлға), санның (2 тұлға), родтың (3 тұлға) болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

36. Грамматикалық категориялардың – санның (2 тұлға), детерминативтілігі (белгілік - белгісіздік) болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

37. Мына нышандар – родта, санда және септікте зат есіммен қиысудың және сапа дәрежесініңграмматикалық категориясының (3 тұлға) болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

38. Мына нышандар – зат есіммен қиысудың болмауы және сапа дәрежесінің грамматикалық категориясының (3 тұлға) болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

39. Мына нышандар – 7 грамматикалық категорияның – шақтың (3), райдың (6), етістің (2), тұрпаттың (2) – ортақ және ұзақ, мерзімдік қатыстылықтың (2) – перфектті және перфектсіз тұлғалардың, жақтың, санның болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

40. Мныа нышандар – 7 грамматикалық категорияның – тұрпаттың (2) (аяқталған - аяқталмаған), етістің (3) – действительный, өздік-ортақ, ырықсыз етістің, райдың (3), жақтың, санның, родтың (өткен шақтың жекеше түрі) болуы бойынша сөз табы мен тілді таныңыз.

41. Қай бірліктің типі «некоторая двучленная (реже трехчленная) модель, имеющая номинативную функцию, организованная на основе подчинительной связи с устойчивым сочетанием синтаксических отношений, выраженных определенным способом, и с постоянным размещением компонентов» ретінде анықталады?

42. Ағылышн және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестерінің компоненттерін қосатын синтаксистік байланыс түрін анықтаңыз: любил и помнил, weeping and kicking.

43. Ағылышн және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестерінің компоненттерін қосатын синтакистік байланыс түрін анықтаңыз: came to stay, пора прощаться.

44. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз: a teacher's desk – стол учителя.

45. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз: to come in time – прийти вовремя.

46. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз: the first day – первый день

47. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз: the beginning of July – начало июля.

48. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтаңыз: to depend on nobody – ни от кого не зависеть.

49. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың айтылу амалын анықтаңыз: a lovely face – прелестное лицо

50. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың айтылу амалын анықтаңыз: to write a novel – написать роман

51. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың айтылу амалын анықтаңыз: to sit still – сидеть тихо

52. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың айтылу амалын анықтаңыз: a desire to work – желание работать

53. Ағылшын және орыс тілдерінде келтірілген сөз тіркестер компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың айтылу амалын анықтаңыз: laughing children – смеющиеся дети

54. Бағыныңқы компонент бастыға қатысты қандай жағдайда болады: a spring garden – весенний сад?

55. Бағыныңқы компонент бастыға қатысты қандай жағдайда болады: come in time – прийти вовремя?

56. Ағылшын және орыс сөз тіркестер компоненттерінің реті өзгерегнде мағынаның мазмұны бұзылуы мүмкін бе? : (a) to elect Smith chairman – (р) избрать Смита председателем.

57. Екі тілдің (ағылшын мен орыс) қайсысында сөз тіркесінің бағыныңқы компонентінің басыңқыға қатысты жағдайы тұрақты сипатта болады (№56 мысалды салыстырыңыз)?

58. Атрибутивті сөз тіркесінің типін анықтаңыз: радостная весть.

59. Атрибутивті сөз тіркесінің типін анықтаңыз: the edge of the bowl.

60. Атрибутивті сөз тіркесінің типін анықтаңыз: история отряда.

61. Атрибутивті сөз тіркесінің типін анықтаңыз: letters to write.

62. Ағылшын тілінің қандай типологиялық ерекшеліктері синтаксистік байланыстың басты амалдарының тұрғысында ағылшын тілінде А (silk blouse, men’s footwear, sleeping child, tenth day).

63. Лексеманың қай түрі ағылшын және орыс тілдерінде объективті сөз тіркестерінің ұйытқы компоненті болады? Салытырыңыз: помогать ученику, to help a pupil, следить за детьми, look for a job.

64. Объективті сөз тіркестерінің қай құрылымдық моделі ағылшын және орыс тілдерінде типологиялық бара-бар болып табылады? Салыстырыңыз: решить остаться, to decide to stay.

65. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі бастауыштың типін анықтаңыз: Санки покатились под гору.

66. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі бастауыштың типін анықтаңыз: The old are very often helpless

67. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі бастауыштың типін анықтаңыз: Трудящиеся вышли на демонстрацию.

68. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі бастауыштың типін анықтаңыз: There was a lengthy pause

69. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі бастауыштың типін анықтаңыз: It is useless to say more.

70. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Бастауыштың қандай екі типі ағылшын тілі үшін типологиялық болып табылады?

71. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі баяндауыштың типін анықтаңыз: He was obviously listening at the door.

72. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі баяндауыштың типін анықтаңыз: He was wicked and scheming

73. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі баяндауыштың типін анықтаңыз: You should do it by all means.

74. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі екінші баяндауыштың типін анықтаңыз: I told you that you should do it.

75. Сөйлем мүшесінің типі екі критериймен – 1) сөйлем мүшесінің құрылымымен (бір компонентті немесе екі компонентті) және синтаксистік байланыстың белгілі бір түрінің (қиысу, жанасу, меңгеру) айтылу қабілетімен анықталады. Сөйлемдегі толықтауыштың типін анықтаңыз: Мы стояли на платформе и ждали поезда.

76. Қандай тілдік бірліктің типі “некоторая структурно-семантическая модель, выражающая законченное суждение, характеризуемая определенной структурой и порядком расположения составляющих ее компонентов” ретінде анықталады.

77. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: The young painters earned only a few shillings occasionally.

78. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: The nerves of the stranger were steadied by a glass of cheap sherry.

79. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Старенький мелкорослый паровозишко, напрягаясь из последних сил, тянул многовагонный состав.

80. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Лемешев был выдающийся певец.

81. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Mr.Gray is a famous singer.

82. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Погода несносная, дорога скверная, ямщик упрямый, лошади не везут – а виноват смотритель.

83. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Земля была нарядная, похожая на застенчивую принцессу.

84. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Это верно, что вы были простым рабочим?

85. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: И лицо жены стало казаться тоже противным, ненавистным.

86. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: John is naughty.

87. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: These bags are mine.

88. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: It is cold.

89. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: The girl is twenty-two.

90. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: The lessons are over.

91. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Тише едешь – дальше будешь.

92. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Ему придется пробыть у отца не больше суток.

93. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Петрова тут же наскоро перевязали, положили на носилки и стали уже поднимать в машину.

94. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: В лесу запахло смолой и талым снегом.

95. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: … и было душно.

96. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Ему было приятно.

97. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Нас было четверо.

98. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: А завтра быть грозе большой.

99. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Мороз и солнце; День чудесный!

100. Құрылымымен құрайтын компоненттерінің орналасу тәртібін сипаттай айырып, сөйлемнің типін анықтаңыз: Тишь. Безлюдье вокруг.

Әдебиеттер
1 Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языков.: учеб. пособие для студентов пед. ин-тов по спец. «Иностр. яз.» – 2-е изд. – М. : Просвещение, 1989. – 254 с.

2 Буранов Дж. Сравнительная типология английского и тюркских языков: учеб. пособие для пед. ин-тов. – М. : Высш. шк., 1983. – 267 с.

3 Демесинова Н.Х. Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. Синтаксис. – Алма-Ата, 1959. – 259 с.

4 Исаев С., Нуркина Г. Сопоставительная типология казахского и русского языков: учебное пособие. – Алматы : «Санат», 1996. – 272 с.

5 Исаев С.М., Исмагулова Б.Х., Тажмуратова А.Е, Баяндина С.Ж. Сборник упражнений по сопоставительной типологии русского и казахского языков. – Алматы, 1994. – 145 с.

6 Резвецова М.Д., Афанасьева О.В., Самохина Т.С. Практикум по сравнительной типологии английского и русского языков. – М. : Просвещение, 1989. – 197 с.

7 Смирнова Н.Ф., Нехай О.А., Богушевич Д.Г. Практикум по сравнительной типологии английского и русского языков. – Минск, 1988. – 179 с.

Мазмұны


Кіріспе

3

1 Типология ғылыми танымның әдісі ретінде

4

1.1 Типологиялық салыстырудың әмбебаптылығы

4

1.2 Жалпы типологияның бөлімдері

4

1.3 Лингвистикалық емес типология

4

1.4 Лингвистикалық типология

5

2 Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері

5

2.1 «Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны

5

2.2 Тілдер типологиясының бөлімдері

9

3 Лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары

27

3.1 Тілдік тип және тіл типі туралы ұғым

27

3.2 Изоморфизм мен алломорфизм ұғымы

28

3.3 Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні

туралы ұғымдары.


29


3.4 Тіл-эталон туралы ұғым.

31

4 Типологияның басқа лингвистикалық пәндермен байланысы.

33

Тест

34

Әдебиеттер

43


БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ оқу

жұмысы жөніндегі проректоры

Н.Э.Пфейфер

______________________________

“_____” __________________ 200 _


Құрастырушылар: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Х.Демесінова, кіші ғылыми қызметкер Х.Б.Мағзұмов
Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығы

Ағылшын тілі теориясы мен практикасының кафедрасы

Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығының мәжілісінде бекітілді.

“____”__________ 2006 жыл. Хаттама № ____

ҒПО директоры ______________________ Г.Х.Демесінова
Кафедра мәжілісінде бекітілді “_____” ____ 2006 жыл. Хаттама № __

Кафедра меңгерушісі ________________ А.Қ.Қайырбаева.


Шет тілдері факультетінің әдістемелік кеңесі мақұлдады.

“____”_______ 2006 ж. Хаттама № ___


Ә.К. төрағасы _____________ Р.Ғ.Дөненқұлова
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы __________ А.Қ.Қалиева ''____''______ 2006 ж.


ОМК нормобақылаушы_________ Г.С.Баяхметова “___”_____ 2006 ж.
ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ

ОӘБ бастығы_______________ Л.Т.Головерина”___”_______ 2006 ж.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет