Г. И. Нестеренко 2010ж



бет7/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47730
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет:


  1. 1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996.

  2. 2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. -М.: Финансы и статистика, 1998.

  3. 3. Квартальнов В.А. Теория и практика туризма. -М.: Финансы и статистика, 2002

  1. Кабушкин М.И. Менеджмент туризма.-Мн.: БГЭУ, 1999.

  2. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма. Учеб. Пособие.-М.: Финансы и статистика, 2002.

  3. Менеджмент туризма: туризм и отраслевые системы. -М.: Финансы и статистика, 2002.

  4. Вавилова Е.В. Основы международного туризма –М.: Гарадарики, 2005.

  5. Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма. –М.: АКАДЕМА, 2005.

Қосымша:

  1. 9. Закон Республики Казахстан «О туристской деятельности в РК». Алматы., 2001.

10. Карпова Г.А., Злацен М.Р. Направление и прием туристских групп, путешествующих по транспортным маршрутам. М. ЦРИБ. Турист. 1986.

8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС) ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: ҮЙГЕ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МӘТІНІ, ӘРБІР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӨЗІН- ӨЗІ ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ, РЕФЕРАТ ЖӘНЕ Т.Б. ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР, ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ АРНАЛҒАН УАҚЫТ КӨЛЕМІ

Курс бойынша реферат тақырыптары
1.Туристік жорықтың техникасы

2. Туристік жорықтың тактикасы

3. Негізгі тактикалық ұғымдардың сипаттамасы

4. Тактиканың негізгі мәселелері

5. Бивак құру

6. Спорттық туризм

7. Рекреациялық туризм

8. Оқу туризм

9. Акклиматизация мәселелері

10. Туристік жорықтың желін жоспарлау

11. Туристік жорықта тамақтану

12. Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру

13. Су туризмінің техникасы мен тактикасы

14. Жаяу және шанғы жорықтардың техникасы ерекшеліктері

15. Жаяу және шанғы жорықтардың тахникасы ерекшеліктері

10. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА)

Бұл пән бойынша оқу, өндірістік және дипломалды сарамандар жоспарланбаған

11. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТТІК ТАПСЫРМА, ӨЗІН- ӨЗІ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ, ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТТЕР ЖӘНЕ Т.Б.)

- білімді бағалау кестесі

- жазбаша бақылау жұмысы

- тестілік тапсырма

- өзін- өзі бақылау сұрақтарының тізімі

- емтиханға дайындық сұрақтары


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



«Туристік-өлкетану жұмысының негіздері» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

0,6

8,4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




2

Жеке тапсырма

4,8

9,6



















+













+










3

Бақылау жұмысы

2

28

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




4

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

2

14




+

+







+




+




+




+




+




5

Р1 + Р2




60














































6

Емтихан




40














































Барлығы




100














































ГЛОССАРИЙ

Туризмнің қимылды түрлерінің техникасы және тактикасы негіздері

пәні бойынша глоссарий



Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Тамақтану

Питание

Nourishment

Өлке

Край

Area

Экскурсия

Экскурсия

Excursion

Саяхат

Путешествие

Travel

Жорық

Поход

Hiking

Мұражай

Музей

Museum

Көрме

Выставка

Exibition

Тестілік тапсырма



  1. Активтік туристік саяхат жасау барысында әр түрлі кедергілерден өту үшін нені білу керек?

a) маршрутта кездесетін әр түрлі табиғи кедергілердің ерекшеліктерін білу;

b) белгілі бір туризмнің түріндегі кездесетін кедергілерден өту дағдыларын қалыптастыру;

c) белгілі бір туризмнің түріне сәйкес келетін жабдықтарын таңдап алу және онымен дұрыс пайдалана отырып, туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

d) барлығы дұрыс.

e) тек қана а; b; варианттары дұрыс.


  1. Туризмнің техникасы дегеніміз не?

a) бұл нақты туристік маршрутта (немесе оның бөлек учаскесінде) кездесетін табиғи кедергілерден өту тәсілдердің жиынтығы және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне арналған жабдықтарымен дұрыс пайдалана білу.

b) маршрутта кездесетін әр түрлі табиғи кедергілердің ерекшеліктерін білу;

c) белгілі бір туризмнің түріне сәйкес келетін жабдықтарын таңдап алу және онымен дұрыс пайдалана отырып, туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

d) бұл ең аз күш, құрал, және уақыт шығындарын қажет ететін сонымен бірге қажетті қауіпсіздік дәрежесін қаматамасыз етіп қойылған мақсатқа қол жеткізетін шаралар мен әрекеттердің жиынтығы.

e) Дұрыс жаубы жоқ.


  1. Маршрутта техникалық қателер жіберудің себебі не?

a) жорыққа қатысушылардың техникалық даярлықтың төмен деңгейіне байланысты;

b) техникалық тәсілдерін дұрыс қолданбау;

c) берілген жағдайға сәйкес келмейтін тәсілдерін таңдау;

d) жетекшілердің техникалық даярлығының төмен деңгейіне байланысты;

e) Барлығы дұрыс.


  1. Туризмның тактикасы дегеніміз не?

a) бұл ең аз күш, құрал, және уақыт шығындарын қажет ететін сонымен бірге қажетті қауіпсіздік дәрежесін қаматамасыз етіп қойылған мақсатқа қол жеткізетін шаралар мен әрекеттердің жиынтығы;

b) бұл нақты туристік маршрутта (немесе оның бөлек учаскесінде) кездесетін табиғи кедергілерден өту тәсілдердің жиынтығы және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне арналған жабдықтарын дұрыс пайдалана білу;

c) маршрутта кездесетін әр түрлі табиғи кедергілердің ерекшеліктерін білу;

d) белгілі бір туризмның түріндегі кездесетін кедергілерден өту дағдыларын қалыптастыру;

e) барлығы дұрыс.


  1. Негізгі тактикалық ұғымдарға не жатады?

a) туристік жорықтың мақсаты мен жоспары

b) жорықтың қауіпсіздігі

c) жорықтың күнтізбелігі және тәуліктік кестесі;

d) маршруттың негізгі және авариялық варианттары сонымен қатар бақылау мезгілі;

e) барлығы дұрыс.


  1. Маршрутта тактиканың орындалуы немен байланысты?

a) Берілген құралдар жанында және берілген жағдайда маршруттың белгілі бір бөлігін қажетті қауіпсіздік дәрежеде өту үшін қозғалыс сызығын (жолын) және қажетті тәсілдерін дұрыс таңдау;

b) маршруттың негізгі вариантымен;

c) маршруттың авариялық вариантымен;

d) маршруттың негізгі және авариялық варианттарымен;

e) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Туристік жорық тактикасының қандай кезеңдері бар?

a) жорыққа шықпастан бұрын тактикасы және жорықтық тактикасы

b) жорықтың мақсатын таңдау;

c) тек қана жорықтық тактикасы;

d) тек қана жорықтан бұрын тактика;

e) бәрі дұрыс.


  1. Жорыққа шықпастан бұрын тактиканың міндеттеріне не жатады?

a) маршрутты таңдау;

b) жорықтың жоспары мен кестесін құрастыру;

c) азық-түлік пен құрал-жабдықтардың тізімін құрастыру (дайындау);

d) физикалық пен техникалық дайындықтың деңгейіне сәйкес келетін және туристік тәжірибесінің негізінде таңданған маршрутпен ойдағыдай өте алатын туристер тобы мен жетекшіні таңдап алу;

e) бәрі дұрыс.


  1. Жорықтық тактиканың міндеттеріне не жатады?

a) жорықтың жалпы жоспары мен бөлек учаскелерінен өту графикасың үздіксіз дәлдеп түзету;

b) нақты жағдайға байланысты немесе нақты жер бедер үстінде туристік топ жүріп өтетін жолын таңдау;

c) маршруттың берілген учаскесінен өту барысында топ қозғалысының ретін таңдау және шынайы жүзеге асыру;

d) маршруттың берілген учаскесімен өту барысында техникалық тәсілдер мен шараларын таңдау;

e) бәрі дұрыс.


  1. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, активтік туристік саяхат жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында туристік ұйым маманының маршрутты ұтымды жетілдіру қабілеттілігі қалай аталады?

a) Техникалық-тактикалық дайындық;

b) Жорыққа шықпастан бұрын тактика;

c) Туризмнің техникасы;

d) Туризмнің тактикасы;

e) Жорықтық тактика.


  1. Техникалық-тактикалық дайындықтың түрлерін көрсетіңіз:

a) туристік фирма менеджерінің техникалық-тактикалық дайындығы;

b) гид-бастаушының (туризм нұсқаушысы) техникалық-тактикалық дайындығы;

в ) жорықтық тактика;

d) жорыққа шықпастан бұрынғы тактика;

e) тек қана а; b; варианттарында дұрыс.


  1. Жорықта тактикалық мәселелерін шешуі қандай динамикалық факторларымен жиі шиеленіседі?

a) жер бедері мен ауа райының өзгеруі, жыл мен тәулік мезгілі;

b) жорыққа қатысушылардың ерекшеліктерімен; туристік маршрут өтетін ауданның ерекшеліктерімен;

c) апат жағдайлар немесе апатты жағдайға ұшыраған басқа туристік топқа көмек көрсету қажеттігімен; қатысушылардың біреуінің ауырып қалу немесе зардап шеккені;

d) техникалық жабдықтар мен топ квалификациясы; топтың күй-жағдайның қанағаттанарлықсыздығы

e) бәрі дұрыс.


  1. Маршрут бойымен жылжу кезінде туристің өзінің физикалық күш-жігерін талап ететін тәсілдерімен сипатталатын саяхат жасаулар қалай аталады?

a) Саяхат жасаудың активтік түрлері;

b) Туризмнің техникасы;

c) Туризмның тактикасы ;

d) Техникалық-тактикалық дайындық;

e) жорыққа шықпастан бұрын тактика;


  1. Туризмнің активтік түрлеріне не жатады?

a) Жаяу туризм;

b) Шаңғы туризм;

c) Су туризм;

d)Тау туризм және т. б. спорттық туристік саяхат жасаудың түрлері;

e) бәрі дұрыс.


  1. «Туризмнің техникасы мен тактикасы» курсының басым ұғымдарына не жатады?

a) «туризмның техникасы» және «туризмның тактикасы»;

b) жорықтың мақсаты мен қауіпсіздігі;

c) туристік маршруттың негізгі және авариялық варианттары;

d) туристік жорықтың жоспары;

e) бәрі дұрыс.


  1. Жарысқа қатыстыру, туристік тәжірибесін жоғарылату және спорттық дәрежелерін орындау мақсаттарымен ұйымдастырылған жорық қалай аталады?

a) Спорттық жорық;

b) Оқу жорық;

c) Рекреациялық жорық;

d) Техникалық-тактикалық дайындық;

e) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Мақсатқа және маршрут өтетін жерінің ерекшеліктеріне байланысты маршрут құрастырудың тактикалық схемаларын көрсетіңіз?

a) сызықты,

b) тарамдалған,

c) сақиналық,

d) сызықты-сақиналық және тарамдалған-сақиналық

e) бәрі дұрыс.


  1. Белгіленген маршрутпен қажетті қауіпсіздік дәрежеде толығымен жүріп өту үшін қажетті құралдар мен күштердің және әрекеттердің толығымен түсіндіріліп жазылған құжат қалай аталады?

a) Туризмнің активтік түрлерінің тактикалық жетілдірме;

b) Спорттық жорық;

c) Оқу жорық;

d) Тарамдалған маршрут;

e) Сызықты маршрут;


  1. Коммерциялық мақсатында маршрут қиындығының қандай категориясы қолданылады?

a) 1 қиындықтың категориясынан аспайтын маршруттар;

b) 2 категориясынан аспайтын маршруттар;

c) 3 қиындықтың категориясынан аспайтын маршруттар;

d) 4 қиындықтың категориясынан аспайтын маршруттар;

e) Дұрыс жауабы жоқ.


  1. Белгілі бір жер бедері үстінде арнайы графиктың негізінде практикалық сабақ өткізу үшін ұйымдастырылған жорық қалай аталады?

a) Оқу жорық;

b) Спорттық жорық;

c) Рекреациялық жорық;

d) Туризмның техникасы;

e) Туризмның тактикасы.


  1. Кедергілерден өтуге туристік топтың жеткілікті мүмкіншіліктерін және ресурстарын белгілейтін тактикалық ұғым қалай аталады?

a) «Күш»;

b) «Құрал»;

c) «Уақыт»;

d) Туризмнің техникасы;

e) Туризмнің тактикасы.


  1. Туристік іс-шараларының материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды (қаржы, жабдықтау, киім, көлік, медициналық қамтамасыз ету, байланыс құралдары) белгілейтін тактикалық ұғым қалай аталады?

a) «Құрал-жабдық»;

b) «Уақыт»;

c) Туризмның техникасы;

d) «Күш»;

e) Туризмның тактикасы.


  1. Туристік топ қозғалысының күнтізбеліктік және тәуліктік графиктары деген ұғымдарын белгілейтін маңызды тактикалық ұғым қалай аталады?

a) «Уақыт»;

b) «Күш»;

c) «Құрал»;

d) Туризмнің техникасы;

e) Туризмнің тактикасы.


  1. Көлдер мен өзендердің жағалауында демалып, көркем кескінді ауданмен жүріп өтуін жоспарлайтын жорық қалай аталады?

a) Рекреациялық жорық;

b) Оқу жорық;

c) Спорттық жорық;

d) Туризмның тактикасы;

e) Техникалық-тактикалық дайындық.


  1. Маршруттағы қозғалыс кезеңдерін (тәртібін) кестелік немесе графикалық түрде көрсетіп уақыт бойынша тарату қалай аталады?

a) Қозғалыс графигі;

b) Маршруттың авариялық варианты;

c) Маршруттың қосымша (запас) варианты;

d) Маршруттың негізгі варианты;

e) Қайтымды нүкте.


  1. Туристік топтың түнгі ұйқы орыны, сонымен қатар түнгі демалысы қалай аталады?

a) Туристік топтың қонуы (түнеуі)

b) Қозғалыс графигі;

c) Туристік топтың дамылдауы;

d) Қайтымды нүкте.

e) Маршруттың авариялық варианты;


  1. Апатты жағдайда туристік топ жорық өтетін ауданның әрбір нүктесінен тез уақытта шығу үшін жоспарланған маршрут қалай аталады?

a) Авариалық маршрут;

b) Негізгі маршрут;

c) Қосымша маршрут;

d) Қозғалыс графигі;

e) Дұрыс жауабы жоқ.


  1. Маршруттың негізгі пунктісіне жүріп өтілген жолмен кері қарай үйлесімді эвакуация жасауға ыңғайлы орын қалай аталады?

a) Қайтымды нүкте;

b) Негізгі варианты;

c) Қозғалыс графигі;

d) Қосымша варианты;

e) Туристік жорықтың маршруты.


  1. Туристік топтағы туристердің (клиенттердің) саны неше болу керек?

a) 8 – 11;

b) 20 – 25;

c) 3 – 4 адам;

d) тек қана 20 адам;

e) тек қана 25 адам;


  1. Қызмет көрсететін бригаданың сандық пен сапалы құрамы немен байланысты?

a) туризмнің түрімен;

b) жорық қиындығының категориясымен және жорық өтетін ауданның ерекшеліктерімен;

c) клиенттердің жынысымен, санымен;

d) шетелдік немесе отандық серіктестерімен отырған келісімде берілген қауіпсіздіктің және комфорттың шарты деген жағдайларға байланысты;

e) барлығы дұрыс.


  1. Қызмет көрсететін бригаданың мүшелерімен келісім шартқа отыру және оларды дайындау жоспарын құрастыру үшін не істеу керек?

a) бригаданың құрамындағы әрқайсының міндеттерін анық белгілеп алу керек;

b) жорық қиындығының категориясын және жорық өтетін ауданның ерекшеліктерін анықтау керек;

c) клиенттердің жынысы мен санын анықтау керек;

d) туризмның түрін анықтау керек;

e) барлығы дұрыс.


  1. 1-2 қиындық категориясындағы активтік жорықтарда энергетикалық шығындар неше килокалорияға жетеді?

a) 4000 килокалорияға дейін;

b) 1500 килокалорияға дейін;

c) 2000 килокалорияға дейін;

d) 2500 килокалорияға дейін;

e) Дұрыс жауабы жоқ.


  1. Бағдарламада алдын ала ескертілген қызмет көрсетулерді алу мақсатында белгілі бір мерзім кезеңінде туристердің жылжуын жоспарлаған жол қалай аталады?

a) Туристік жорықтың маршруты;

b) Авариалық варианты;

c) Қозғалыс графигі;

d) Маршруттың негізгі варианты;

e) Маршруттың қосымша (запас) варианты.


  1. Туристік саяхат жасау классификациясын туризм менеджеріне не үшін білу қажет?

a) тапсырыс берушінің таңдауына (талаптарынa) сәйкес келетін маршруттарды жетілдіру;

b) маршруттың киындығына сәйкес келетін қызмет көрсету персоналдың дайындық жасаудың жоспарын құрастыру, жүзеге асыру және орындалуын бақылау;

c) клиенттерге қызмет көрсететін бригаданы дұрыс (квалификациялы түрде) қалыптастыру.

d) аталғандардың барлығы дұрыс;

e) тек қана «b» «c» варианттары дұрыс.


  1. Кедергілердің белгілі бір қиындық дәрежесін сипаттайтын, классификациялық көрсеткіші қалай аталады?

a) Қиындықтың категориясы;

b) Маршруттың авариялық варианты;

c) «Асу»;

d) Қайтымды ;

e) дұрыс жауап жоқ.


  1. Тау туризм тәжірибесіндегі жотадан немесе оның тау ұштығынан (бір алқаптан басқа алқапқa) жүріп өтуге мүмкіндік беретін жол қалай аталады?

a) «Асу»;

b) Қайтымды нүкте;

c) Қиындықтың категориясы;

d) Қозғалыс графигі;

e) Маршруттың авариялық варианты.


  1. Асулардың қиындығын анықтайтын шкаласында қандай белгілер бар?

a) жолдың ең күрделі учаскелерінің сипаттамасы;

b) асулардан жүріп өту үшін қажетті техникасы мен тактикасының және түнеу орындарының ерекшекліктері;

c) маршрутың сандық сипаттамасы ( қозғалуының уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны );

d) қажетті арнайы жабдықтар;

e) барлығы дұрыс


  1. Маршруттың техникалық күрделілігі жоғарылау болғанда маршруттың ұзындық бойын азайтуға болады ма?

a) Маршруттың техникалық күрделілігі жоғарылау болғанда маршруттың ұзындық бойын азайтуға болады, бірақ нормативта көрсетілген мөлшерінің 75-тен кем емес болу керек

b) Маршруттың техникалық күрделілігі жоғарылау болғанында маршруттың ұзындық бойын азайтуға болмайды;

c) Маршруттың техникалық күрделілігі жоғарылау болғанда маршруттың ұзындық бойын азайтуға болады, бірақ нормативта көрсетілген мөлшерінің 25-тен кем емес болу керек;

d) Маршруттың техникалық күрделілігі жоғарылау болғанында маршруттың ұзындық бойын азайтуға болады;

e) бәрі дұрыс.


  1. Тактикалық схема жағынан маршруттың негізгі бөлігі қандай болу керек?

a) Маршруттың негізгі бөлігі сызықты немесе сақиналы болу керек (маршруттың берілген қиындықтың категориясына қойылған талаптарында көрсетілген ұзындық бойының 75 нан кем емес);

b) Маршруттың негізгі бөлігі сызықты болу керек;

c) Маршруттың негізгі бөлігі сақыналы болу керек;

d) Маршруттың негізгі бөлігі тарамдалған болу керек;

e) дұрыс жауабы жоқ.


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 1 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );

b) қиындығы орташа маршрут;

c) айрықша қиын маршрут;

d) өте күрделі маршрут;

e) қиын маршрут;


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 2 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) қиындығы орташа маршрут;

b) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );

c) айрықша қиын маршрут;

d) өте күрделі маршрут;

e) қиын маршрут;


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 3 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) қиын маршруттар;

b) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );

c) қиындығы орташа маршрут;

d) айрықша қиын маршрут;

e) өте күрделі маршрут;


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 4 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) өте қиын маршрут;

b) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );

c) қиындығы орташа маршрут;

d) айрықша қиын маршрут;

e) өте күрделі маршрут;


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 5 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) айрықша қиын маршрут;

b) қиындығы орташа маршрут;

c) өте күрделі маршрут;

d) қиын маршрут;

e) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );


  1. 1947 ж. ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы бойынша 6 қиындықтың категориясына қандай маршруттар жатады?

a) өте күрделі маршрут;

b) айрықша қиын маршрут;

c) қиындығы орташа маршрут;

d) қиын маршрут;

e) қиындығы аз маршрут (қиын емес, жеңіл маршруттар );


  1. Туризммен шұғылдану үшін белгілі бір жаттығулар арқылы туристердің физикалық күшін дамыту және қалыптастыру қалай аталады?

a) Физикалық дайындық;

b) Жалпы физикалық дайындық;

c) Арнайы физикалық дайындық;

d) Шыдамдылық;

e) Тепе-теңдік.


  1. Туристердің физикалық дайындықтын түрлерін көрсетіңіз?

a) Жалпы физикалық дайындық және арнайы физикалық дайындық;

b) Жалпы физикалық дайындық және шыдамдылық;

c) Арнайы физикалық дайындық және шыдамдылық;

d) Шыдамдылық және тепе-теңдік;

e) барлығы дұрыс.


  1. Вельценбахтың «мюнхендік классификациясы» деп аталатын 6-сатылы қиындықтың шкаласы қай жылы пайда болған?

a) XX ғасырдың 20 жылдарында;

b) 1947 ж.

c) 18 ғасырдың аяғында;

d) 1811 ж.

e) 1937 ж.


  1. 1947 ж. халықаралық альпинистік одағымен (ХАО) ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы неше категорияға бөлінеді?

a) рим цифрлармен белгіленген 6 категорияға бөлінеді;

b) араб цифрлармен белгіленген 5 категорияға бөлінеді;

c) араб цифрлармен белгіленген 6 категорияға бөлінеді;

d) рим цифрлармен белгіленген 5 категорияға бөлінеді;

e) рим цифрлармен және араб цифрлармен белгіленген 6 категорияға бөлінеді;


  1. Халықаралық альпинистік одағымен (ХАО) ресми қабылданған альпинистік маршруттардың халықаралық қиындық шкаласы қай жылы қабылданған?

a) 1947 ж.

b) XX ғасырдың 20 жылдарында;

c) 1937 ж.

d) 1811 ж.

e) 18 ғасырдың аяғында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет