103
§ 21. Прак ти кум. Массив элементтерін сұ рып тау
Массив элементтерін сұрыптауға массивтің элементтерінің
өсу немесе кему тәртібімен орналасу жатады. Сұрыптау
массивтің элементтерін түрлі әдістермен ауыстыру арқылы
жүзеге асырылады.
Көпіршікті сұрыптау
деп аталатын сұрыптау әдісін
қарастырайық (айырбастау әдісі деп те аталады). Python тілінде
жазылу алгоритмі мен программалау түрі көрсетіледі.
Реттелген массив бастапқы тізбек тұрған жадыда құралады.
Бұл әдістің мақсаты – көршілес тұрған элементтерді бір-бірімен
салыстыру.
Әрбір қадам жаңа жүйеліліктен басталады. Массивтің
бірінші элементі екіншісімен салыстырылады, егер олардың
арасындағы реттілік бұзылса, орындарын ауыстырамыз. Содан
кейін екінші мен үшіншісі, үшінші мен төртіншісі және т.с.с.
массивтің соңына дейін салыстырылып, жұптағы реттелмеген
элементтердің орындары ауыстырылады.
Нәтижесінде бірінші қадамнан кейін ең үлкен (ең кіші эле-
мент сұрыптау түріне қарай өсу/кему) элемент массивтің ең
соңына жазылады. Әрбір элемент «қалқып» жоғары шығып
отырады, сол себепті бұл сұрыптау
көпіршікті
деп аталады.
Келесі қадамда 1-ден N–1-ге, одан кейін 1-ден N–2-ге, осылай
соңына дейін тізбек қарастырылады. Әрбір қадамнан соң
элементтердің орын ауысқандығын тексеруге болады. Егер жоқ
бол са, сұ рып тау аяқ тал ды.
Достарыңызбен бөлісу: