Масса 1000 семян – 1000 дәннің салмағы. 1000 дәннің граммен өлшенген көрсеткіші. Ол дәннің ірілігін, толықтығын көрсетеді.
Овощные культуры – көкөніс дақылдары. Негізінен көкөніс үшін өсірілетін екпе өсімдіктер тобы.
Озимая культура – күздік дақыл. Күзде егілетін және келесі жылы немесе күзде түсім беретін біржылдық дақылдар тобы.
өсімдік шаруашылығының саласы.
Плодоводство – жеміс өсіру. Жеміс дақылдарын өсірумен айналасатын өсімдік шаруашылығының саласы.
Плодово-ягодные культуры – жеміс-жидек дақылдары. Қ. плодовые культуры, ягодные культуры.
Плодовые культуры – жеміс дақылдары. Жеміс-жидегі, жаңғағы үшін өсірілетін екпе өсімдіктер тобы.
Подсолнечник – күнбағыс, күнбағар (т.ө.). Бір жылдық және көп жылдық бұташық өсімдік туысы. Негізінен техникалық майлы дақылға жатады. Көптеген сорттары бар.
Полевая всхожесть семян – тұқымның егістегі өнгіштігі. Тұқымды танапқа еккеннен кейінгі өніп шығу қасиеті.
Пшеница – бидай (д.д.). Бір жылдық шөптесін өсімдік туысы. Бағалы астық. Көптеген елдердің негізгі дақылы. Екпе және жабайы өсетін 30-дай түрі бар. Екпе түрлерінің ең көп таралғаны – жұмсақ бидай, кәдімгі бидай мен қатты бидай.
Растение волокнистое – талшықты өсімдік. Талшығы тоқуға, иіруге жарамды
өсімдік.
Растение дубильное – илік өсімдік. Құрамында илік шикізат бар өсімдік.
Растение кормовое – мал азығындық өсімдік. Малға азық болатын өсімдік.
Растение масличное – майлы өсімдік. Құрамында май болатын өсімдік.
Растение медоносное – шырынды өсімдік. Гүлінде шырыны бар, бал аралары пайдаланатын өсімдік.
Растение эфиромасличное – эфир-майлы өсімдік. Құрамында эфир майы болатын өсімдік.
Репа – шомыр (к.ө.). Екі жылдық шөптесін өсімдік. Көкөніс дақылына жатады. Барлық жерде дерлік өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |